Сергей Пен M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің Провосы (Ректоры) болып тағайындалды

Сергей Геннадьевич Пен M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің Провосы (Ректоры) болып тағайындалды.

С. Пен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының “Заңтану” мамандығын үздік бітірген түлегі. Доцент, заң ғылымдарының кандидаты.

M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-ндегі еңбек жолын 2012 жылы бастады. 2012-2015 жылдар аралығында КАЗГЮУ Ғылыми сараптама және талдау институтының сарапшысы болып қызмет атқарды. 2012 жылдан бастап 2016 жылға дейін M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің Қылмыстық-процестік құқық және криминалистика кафедрасының меңгерушісі болды. 2016 жылдан бастап осы уақытқа дейін С. Пен Құқық жоғары мектебінің директоры лауазымын атқарды.

M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti С. Пенді жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтайды және KAZGUU Unıversıteti-нің Провосы ретінде биік жетістіктерге жетуін тілейді.

Поделиться с друзьями: