КАЗГЮУ және Heriot-Watt University (Шотландия) арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

2020 жылғы 13 желтоқсанда Эдинбург қаласында (Шотландия) M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti және Heriot-Watt University (Шотландия) арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің Басқарма Төрағасы басқарған Университет делегациясының құрамында Жоғары экономика мектебінің директоры Дильбар Гимранова және оның бакалавриат және магистратура жөніндегі орынбасарлары – Айжан Тоқтабаева және Ләззат Хайруллина болды. Екі университеттің өзара түсіністік туралы келісімінің басты мазмұны әріптестіктің перспективалық бағыттарын дамыту, оқытушылар мен студенттердің арасындағы білім беру, кәсіптік және мәдени қарым-қатынастарын қолдау болып табылады.

Аталған Келісім Қазақстан мен Шотландияның жоғары оқу орындарының арасындағы ынтымақтастықтың басталуына жол ашады.

Поделиться с друзьями: