Жастарды әскери-патриоттық
тәрбиелеу

КАЗГЮУ Университетінің әскери кафедрасының басты мақсаты

Әскери кафедраның көптеген түлектері Қазақстанның күштік құрылымдарында офицерлік лауазымдарды атқаруда.

1997

M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti Әскери кафедрасының құрылған жылы

12 000 астам

әскери кафедра түлектерінің саны

9 000 астам

түлектер арасындағы офицерлердің саны

3 мыңға жуық

түлектер арасындағы запастағы сержанттардың саны

Қазіргі уақытта запастағы офицерлерді даярлау мынадай мамандықтар бойынша іске асырылуда:

«Тәрбиелік және әлеуметтік-құқықтық (идеологиялық) жұмыс»;

«Арнайы үгіттеуді ұйымдастыру»;

«Идеологиялық жұмысты ұйымдастыру»;

«Заңгер кеңесшінің жұмысы».

2015 жылдан бастап M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universitetінде қыздардың «запастағы офицер» әскери атағын алу мүмкіндігі бар.

«Идеологиялық жұмысты ұйымдастыру» және «Заңгер кеңесшінің жұмысы» мамандықтары бойынша даярлықтан өту.

Студент қыздардың көбісі өз өмірін әрі қарай ҚР Қарулы Күштеріндегі қызметпен байланыстыруды жоспарлайды.

Студент қыздар тапсырмалардың барлығын табысты орындап, қазірдің өзінде кейінгі қызмет үшін дайын.

Амангелді Ибраев: M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universitetiнің Әскери кафедрасының бастығы

«Қазіргі таңда әскери кафедрада үлкен практикалық әскери және педагогикалық тәжірибесі бар, сондай-ақ көптеген мемлекеттік наградалармен марапатталған оқытушы-офицерлер жұмыс істейді. Университет басшылығының қолдауымен әскери кафедраның инфрақұрылымы заманауи техникалық талаптарға сәйкес келеді, материалдық-техникалық база үнемі жетілдірілуде».

Азамат Жұмаділов: M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universitetiнің Әскери кафедрасының түлегі

2005 жылы әскери дайындық курсын тәмәмдаған Азамат Жұмаділов әскери кафедраның ерекше мақтанышы болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекет алдындағы еңбегі, әскери борышты мінсіз орындағаны, ерлігі мен жанкештілігі үшін әскери бөлімнің аға лейтенантына Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені табысталып, «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Фотогалерея

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: