Қызмет еткелі M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti, 1994 жылдан бастап 2015 жылға дейін, тіркелу нысанын және тиісінше атауын бірнеше рет өзгерткен болатын.

Ағымдағы жылдың ақпан айында соңғы мемлекеттік қайта тіркеу сәтінен бастап екі жыл өткен және сол уақыттан бері Университеттің дұрыс атауы мынадай: «M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti» акционерлік Қоғамы/ Акционерное Общество «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева» (АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»)

Қысқартылған түрдегі нұсқасы:

  • M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti
  • Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева
  • M. Narikbayev KAZGUU University

Айта кетерлік, «КАЗГЮУ» – бұл университеттің ескі атауын білдіретін «Қазақ гуманитарлық-заң университетінің» қысқартылған түрі.
Сондай-ақ, “КАЗГЮУ” аббревиатурасы орыс және қазақ тілдерінде таратып жазылмайды.

Қысқартылған атауы университеттің бұрынғы атауымен байланысты және одан тек өзіне қажеттісін ғана алады. Жаңа атауы заман талабына сай келеді: халықаралық нарықта ілгерілету мүмкіндігі, дыбыстау жеңілдігі, барлық тілдерде бірдей айтылуы.

Жүктеп алу үшін КАЗГЮУ брендбугі мен логотипінің форматы: [PDF,PNG,Corel Draw]
KAZGUU University presentation

Маркетинг стратегиясы
2019-2020

Маркетинг бөлімінің менеджерлері корпоративтік стратегияны, мектеп директорларының бизнес-жоспарларын, сондай-ақ талапкерлердің ұмтылыстарын және әріптес ұйымдарды қолдау арқылы Университеттің міндеттерін және мақсаттарын ілгерілету үшін маркетингтік стратегияны жасайды. Жоспар университет туралы хабардарлықты арттыру және мынадай негізгі мақсаттарға қол жеткізу арқылы университетпен өзара іс-қимылды кеңейту үшін әзірленді:

Беделді басқару
Біз:

  • жергілікті, ұлттық және халықаралық нарықтарда Университеттің өз жұмысының және көрсетілетін қызметтердің сапасы үшін толықтай танылуына;
  • әлеуетті мүдделі талаптар үшін барлық платформаларда фирмалық стильді, түйінді маркетингтік үндеулер мен брендтің танылуын қалыптастыру арқылы университеттің беделін арттыруға;
  • университеттің құндылығын ілгерілетіп және талапкерлерді барлық бакалавриат, магистратура бағдарламаларына, сондай-ақ сертификаттау бағдарламаларына оқуға түсуге итермелеп, студенттерді тарту жүйесін кеңейтуге;
  • мақсатты топтардан оқуға түсуге өтінімдерді беруге ықпал ететін іс-шаралар мен науқандарды өткізу арқылы университетке қол жетімділік туралы келісім негізделген, университеттің қатысуын кеңейту стратегиясының жақтаушылары ретінде шығуға;
  • стандарттарды белгілей отырып және ақыл-кеңес, әдістемелік ұсыныстар мен ынтымақтастықпен қолдай отырып, бүкіл мекеме бойынша жарнамалық қызметті жүзеге асыру үлгісі болуға ұмтылуымыз керек.

Маркетингтік зерттеу
Біз:

  • нарықтың жан-жақты сапалы және сандық зерттеулерімен расталған, ғылыми негізделген шешімдерді қабылдаймыз
  • нарық пен ахуалдың өзгеруіне әрекет жасап, өзгерістерді басқарамыз және барлық маркетингтік жоспарлар мен іс-шараларды сенімді дәлелдермен бекітеміз
  • нарық туралы бүкіл ақпараттың болуын қадағалаймыз
  • пікірлер, кері байланыс, аналитикалық зерттеулер, деректерді талдау, ақпаратты басқару, сауалнама жүргізу, веб-талдау және басқа да диагностика құралдары арқылы барлық маркетингтік қызметті жүйелі түрде бағалаймыз
  • университеттегі әріптестерімізге ағымдағы маркетингтік ақпаратты және нарықта ілгерілету бойынша қолдауды ұсынуда белсенді боламыз
  • бақылауды күшейту және активтер портфелін реттеу үшін консультацияларды, алдын ала зерттеулер мен дәлелдемелерді ұсынамыз
  • университеттің қауымдастығын саладағы үрдістер, қазіргі маркетингтік ойлау, сондай-ақ жарнамалық науқандар және клиенттермен жұмыс бойынша кампаниялар туралы хабардар етеміз

Қарым-қатынастарды құру

Біз:

  • талапкерлермен, әлеуетті талапкерлермен және талапкерлерді тартатын және олардың студенттер қатарына өтуіне көмектесетін әріптес мекемелермен өзара қарым-қатынастарды басқару бойынша тұрақты науқандарды (дәстүрлі және цифрлық) әзірлейміз және өткіземіз
  • университеттің ең мықты өкілдері болып қала беру үшін біздің түлектермен қарым-қатынастарды дамытамыз, сондай-ақ оларды докторантура бағдарламаларына оқуға түсуге және біліктілікті арттыруға итермелейміз
  • нысаналы аудиторияны Университетпен қарым-қатынастарды орнатуға маркетингтік материалдарды және веб-сайттың материалдарын, жарнамалық науқандар мен шараларды, сондай-ақ сондай-ақ фирмалық бейнелемені және университеттің құндылықтарын ұсынамыз

Іс-әрекеттер жоспары
Стратегиялық тәсіл

Маркетинг, студенттерді оқуға алу бөлімі және қабылдау комиссиясы тұтынушылардың тұрақты қанағаттанушылығын ұзақ мерзімге енгізуге және қамтамасыз етуге деген қағидаларды қатаң сақтай отырып, дәстүрлі және жаңа маркетингтік тәсілдерді, шығармашылық ойлау саласында, сондай-аұ университеттің жоспарлау шараларымен жүйелі байланыс саласында іс-әрекеттерді жасайды.
Біз қонақжай, сенімді, келісілген және бейтарапты болып табылатын тілдесу мәнерін ұстанамыз. Университеттің этикасына сәйкес өтінімдерді беру сатысы арқылы әлеуетті клиенттер мен талапкерлерді барынша қолдайтын тәсіліміз бар. Біз сатуға бағытталған тәсілді пайдаланбаймыз, себебі бұл ісіміздің табиғатына сай емес.

Маркетинг, студенттерді оқуға алу бөлімі және қабылдау комиссиясының бүкіл рекрутингтік және әлеуметтік жұмысының нәтижелері болашақ студенттерге қатысты және дәл сол уақытта КАЗГЮУ Университетінің басқа жоғары оқу орындарынан ерекшеліктерін құрайтын сұрақтар жөнінде негізгі хабарламаларды әзірлеу мен сақтауға бағытталады.

Біздің коммуникациялар кешеніне енгізілетін басты идеяларымыз төменде келтірілген:

  • университеттік тәжірибенің артықшылықтары
  • студенттік тәжірибенің құндылығын арттыратын өніміміздің ерекшеліктерін көрсету
  • біздің курстарды және қосымша қызметтерді толықтыратын артықшылықтарға ерекше назар аудару, бұл біздің студенттерге өздерінің жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі
  • университет қызметінің бірегей ерекшеліктерін көрсету (дифференциация)
  • университеттік білімнің қолжетімділігіне қатысты әдіспен баға мен сапа ара қатынасы
  • жұмысқа орналастыру мүмкіндігі

Осы басты мақсаттарға сүйене отырып, біз университеттің мол тәжірибесін барынша көрсетуге ерекше назар аударамыз. Талапкерлердің студенттер қатарына ауысуына және олардың басқа оқу орындарына ауысуына жол бермеу мақсатында аталған тәжірибенің шынайы және нақты көрінісін ұсынып, оны сезілетіндей ету үшін құралдарды қамтамасыз еттік. Біздің негізгі хабарламамыз дараландыру маңыздылығын белгілейді және КАЗГЮУ Университетінің еңбек нарығында барлық түлектердің арасында шын мәнінде ерекше болуға мүмкіндік беретін, тұлға ретінде дамуға студенттерге еркіндік беруіне және қолдау көрсетілуіне айрықша мән береді.

Барлық маркетинг арналарында келісушілікті және студенттердің жиналуын қамтамасыз ету үшінө өзгеріп тұратын маркетингтік жағдайдан қалып қоймау үшін қажетті икемділікті қамтамасыз ететін және мынадай кешенді әдісті пайдаланатын кешенді маркетингтік әдіс қабылданды:

  • интернетте орналастырылған жарнамалық материалдар
  • баспа жарнамалық материалдар
  • оқиғалар
  • жыл сайынғы науқандар
  • фотомұрағат
  • әлеуметтік желілер
  • цифрлық маркетинг
  • видео
  • БАҚ-тағы жарнама
  • ақпараттық хаттардың жөнелтілуі
  • мүдделі тараптармен жеке өзара іс-қимылымыз (клиенттерге қызмет көрсету)

CRM (клиент туралы ақпаратты басқару жүйелері) басқару

Біздің CRM-стратегия жоспардың негізі болып қызмет етеді және нарықпен жанасу нүктелерінің сипаты мен мерзімдерін айқындайды, біздің басты нысаналы аудиторияны және олармен қарым-қатынас құру жолдарын белгілейді. Оларға болашақ студенттер, ата-аналары, мектептер, қосымша білім колледждері, түлектер, оқытушылар және университеттік қауымдастық жатады. CRM кестесі мүдделі тараптармен байланыстарды орнату тәртібі мен әдісін, сондай-ақ байланыс нүктелерінің негізінде жатқан ақпаратты/хабарламаларды айқындайды және егжей-тегжейлі құжат түрінде ұсынылады. Ол өзінде мыналарды қамтиды:

  • біріктірілген коммуникация құралдарын анықтау және тиісінше пайдалану
  • әлеуетті бакалавриат студенттерінің интернет-кеңістігін және онымен байланысты цифрлық маркетингтік кампанияны құру және басқару
  • студенттерді тарту бойынша жыл сайынғы кампанияны әзірлеу және тарату
  • Ашық есіктер күні
  • Бакалавриат талапкерлерінің күні
  • Әңгімелесу және тыңдау күні
  • Ақпараттық хаттарды жөнелту
  • Facebook және Instagram секілді әлеуметтік желілерді ең жаңа жұмыс құралдарын пайдалану, бұл кең аудитория шеңберімен тілдесу үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады
  • Веб-контентті басқару, веб ұсыныстары, веб және контент-басқаруды қолдау

Маркетингтік зерттеулердің іргетасы

Маркетинг және студенттерді жинау бойынша барлық жоспарлар мен іс-шаралар маркетингтік зерттеулерге негізделген, демек, стратегиялар үнемі жаңартылып, жетілдірілу үстінде. Жекелеген нысаналы аудиториялардың «демін» түсіну және тексеру КАЗГЮУ Университетінің брендін шынайы, жүйелі әрі нақты ұсынуға, сондай-ақ негізделген CRM-шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді. Нарықты зерттеу бойынша қызмет өзінде мыналарды қамтиды:

  • Бақылауды қолдау және активтер портфелін реттеу үшін жалпы жоспардың ұсыныстарына маркетинг, студенттерді жинау бөлімінің және кабылдау комиссиясының үлесі
  • Google Analytics сервисі
  • Талапкерлердің қызметін зерттеу: Ашық есіктер күндері, талапкерлер күндері, мектептермен байланыс және іс-шаралар жоспарлары
  • Оқуға түсуден бас тартқан талапкерлер бойынша зерттеулер
  • Талапкерлермен байланыста болу
  • Талапкерлермен кері байланыс
  • Талапкерлердің өтініш беру беталыстары
  • Бәсекелестердің деректері
  • Цифрлық белсенділікті және үн қату жиілігін байқау
  • Жеке-дара нарықтық ақпарат
  • Докторантураны шолу және іс-шаралар жоспарын шолу: стратегиялық және практикалық мәселелерге арналған зерттеулердің негі негізгі бағыты

Салыстырмалы талдау, бақылау және тексеру

Жоспарлар мынадай тәсілдердің көмегімен бағаланады және бақыланады:

  • Брендбук
  • Веб және басқа да шаблондар
  • жарнамалық буклеттің шаблондары
  • CRM жазбаша жоспары
  • Фотосуреттер мұрағаты
  • Статистикалық талдау
  • Ілгерілету мүмкіндіктері, нарықтар, оқиғалар және іс-шаралар мәселелері бойынша КАЗГЮУ Университетінің барлық қызметкерлеріне консультация ұсыну, көмек беру, ұсыныстар беру, қолдау көрсету
  • КАЗГЮУ Университетінің әріптестеріне консультация ұсыну, көмек беру, ұсыныстар беру, қолдау көрсету, мониторинг

Тиімділік пен мақсаттың түйінді көрсеткіштері
Бөлім тәуекелдерінің тізілімі және түйінді тиімділік көрсеткіштерінің кестесі Бөлім қызметкерлерімен талқылау кезінде жыл сайын жаңартылады және Бөлімнің жылдық бизнес-жоспарының бөлігі болып табылады.

Маркетингтік материалдарды жасау және келісу процесі

1. @marketing@kazguu.kz поштасына бөлімнің өтінімі
2. Жоғары оқу орнының маркетингтік стратегиясына қайшы келмейтін техникалық тапсырманы жасау
3. Техникалық тапсырманы өтінімді берген тұлғамен келісу
4. Басқарма Төрағасының орынбасарымен үйлестіру
5. Маркетингтік материалды жасау