КАЗГЮУ Университетінің Халықаралық ынтымақтастық бөлімі интернационалдандыру аясында білім ордамыздың Эразмус+ үш жобасына қатысып жатқандығын қуана хабарлайды.

Еуропалық күн тәртібіне сәйкес 3-деңгейдің сапасын қамтамасыз ету жүйесін құру арқылы зерттеулердің интернационалдандыру дәрежесін арттыру.

Бұл жобаның әріптестері: Франция, Украина, Армения, Моңғолия және Қазақстан. Басты үйлестірушісі – «Армениядағы француз университеті» қоры.

Жобаның мақсаты  – 3-деңгейдің бағдарламаларын интернационалдандыру үшін сапаға кепілдік берудің кең жүйесін іске қосу және операционалдандыру арқылы Арменияда, Қазақстанда, Украина мен Моңғолияда білімге негізделген қоғамды құруға үлес.  

Жобаның ұзақтығы 36 ай құрайды.

Жобаның айрықша мақсаттары:

  • Еуропалық интеграциялық күн тәртібіне сәйкес 3-деңгей үшін саясаттың ұлттық шеңберлерін дамыту/жаңарту;
  • 3-деңгейдің бағдарламалары үшін сапаға кепілдік берудің ішкі және сыртқы жүйесін тиімді операционалдандыру үшін жүйелердің әлеуетін құру;
  • 3-деңгейдің бағдарламаларын ілгерілету үшін сапаға кепілдік берудің сыртқы және ішкі жүйелерін құру;
  • түйінді стейхолдерлермен және өңіраралық кооперациямен бірге
    3-деңгейдің бағдарламаларын интернационалдандыруды ілгерілету. 

Түбегейлі нәтижелер:

  • әріптес-елдерде қабылданған, 3-деңгейдегі бағдарламалардың еуропалық интеграциялық күн тәртібі бойынша ұлттық саясаттың шеңбері;
  • еуропалық интеграциялық күн тәртібіне сәйкес енгізілген, 3-деңгейдегі бағдарламалар үшін сапаға кепілдік берудің сыртқы және ішкі жүйелері;
  • EQA – еуропалық сапаға кепілдік беру жүйесінің тиісті құрылымдарымен аккредиттелген, 3-деңгейдің бағдарламалары;
  • білімге негізделген қоғамның дамуына үлес қосатын 3-деңгейдің бағдарламалары;
  • 3-деңгейдегі бағдарламалардың нәтижелері ең үздік халықаралық тәжірибемен келісілген және зерттеулерді интернационалдандыруға үлес қосады;
  • Халықаралық ынтымақтастық еуропалық дамуға сәйкес конвергенцияға әкеледі.

Жобаның өңіраралық мәні еуропалық даму бағытында ерікті қосылуды ілгерілету деген басты мақсатпен Еуропалық одақтағы әріптестер және 4 әріптес-ел арасында ұзақ мерзімді кооперация негізінде табысты тәжірибемен алмаса отырып, ең үздік тәжірибені оқытуға кепілдік береді.  

Жобаның веб-сайтына сілтеме: http://c3-qa.com/

Жаңалықтар

КАЗГЮУ өкілдері халықаралық тәжірибені зерттеуде

Университет КАЗГЮУ принял участие в ознакомительной встрече партнеров проекта Эразмус+ в Ереване (Армения)

«Эразмус+» жобасы аясында семинар өткізілді