«КАЗГЮУ Университеті» АҚ Президенті
Заң ғылымдарының докторы, профессор
Нәрікбаев Мақсұт Сұлтанұлы,

З.ғ.д., профессор, АҚ «КАЗГЮУ Университетінің» Президенті – Қамқоршылық кеңесінің мүшесі. 2015 жылдың 12 қазанында дүниеден өтті.

1940 жылы 30 наурызда Алматы  облысы, Талдыкорған ауданы, Еркін аулында дүниеге келген.  1958 жылы Жетісу аулының орта мектебін бітірді.

1958-59 жж. – Украин КСР Днепродзержинск қаласының № 8 техникалық училищесінде оқыды.

1963-66 жж. – Совет Армиясының қатарында әскери борышын өтеді.

1974 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін  заңгер мамандығы бойынша бітіріп шықты (қазір – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) .

Заң ғылымдарының докторы (1998), құқықтану профессоры (2001),  Халықаралық жоғары мектеп академиясының академигі (2001 жылдан бастап).

Ғылыми консультанты, з.ғ.д., профессор У.С. Жекебаевтың жетекшілігімен заң ғылымдары докторы ғылыми дәрежесіне «12.00.08- қылмыстық құқық және криминология; қылмыстық-атқару құқығы» мамандығы бойынша «Қазақстан Республикасындағы балалық шақты қылмыстық-құқықтық қорғау» тақырыбында диссертация қорғады. Диссертация РФ ІІМ Академиясының диссертациялық кеңесінде қорғалды (Москва, 1997). Ресми оппоненттері: Г.М. Миньковский – з.ғ.д., проф., Ресей Федерациясы ғылымының еңбек сіңірген қайраткері; М.М. Бабаев – з.ғ.д., проф.;

Д.А. Шестаков – з.ғ.д., проф.  Жетекші мекеме: РФ Прокуратура институты.

Еңбек жолын Теміртау қаласында, Карметкомбинат құрылысында такелажник болып бастаған (1959).

1960 -73 жж. Талдықорған облысының БАҚ және мәдени-ағартушы мекемелерінде жұмыс істеген.

1973-74 жж. – тергеуші стажеры, Талдықорған қаласы прокуратурасының аға тергеушісі, Талдықорған облысы адвокаттар коллегиясының мүшесі, заңгерлік консультациясының меңгерушісі.

1981-87 жж. – Талдықорған облысы, Қаратал ауданының халықтық судьясы.

1987-91 жж. – Прокуратура және ҚР Әділет министрлігі аппараттарында қызмет атқарды.

1992-95 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің Аппараты мемлекеттік құқықтық бөлімінің сектор меңгерушісі және құқық қорғау органдары бөлімінің меңгерушісі, ҚР Бас прокурорының  орынбасары, ҚР Жоғарғы соты төрағасының Бірінші орынбасары қызметтерінде еңбек етті.

1995 ж. қазан айында мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Бас прокуроры, ал 1996 ж. маусым айында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шешімімен Жоғарғы сотының төрағасы болып тағайындалады.

Мемлекеттік әділет кеңесшісі, 2 класс. Жоғары класс  білікті судьясы.

2000 жылдың 28 шілдесінен қазіргі уақытқа дейін КАЗГЮУ Университетінің ұжымын басқарады, Президент, директорлар Кеңесінің Төрағасы, Ректор лауазымында.

2007 жылдың қыркүйек айында КАЗГЮУ Университеті атынан Италияның Болонья қаласында, Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды.

Мақсұт Сұлтанұлының бастамасымен Астананың сол жағалауында КАЗГЮУ-дың жаңа оқу ғимараты бой көтерді.  2008 жылғы 2 шілдеде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен салтанатты тұсаукесері өтті, сабақтар осы жылы қыркүйек айында басталды.

Еліміздің белгілі қоғам және саясат қайраткері ретінде егемен Қазақстанның құқықтық қалыптасуына және мемлекеттілігін нығайтуға өзінің елеулі үлесін қосып келеді.

ҚР Президенті әкімшілігі жанындағы құқық қорғау қызметі туралы заңнамаларды жетілдіру жөніндегі тұрақты жұмыс тобының мүшесі (2003), азаматтық қоғамды одан әрі демократиялау және дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі тұрақты мәжілістің мүшесі (2003), Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Демократия мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі  (2004-05), Қазақстан Республикасы сот жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері жөніндегі Комиссия мүшесі (2005), ҚР саяси реформалар бағдарламасын одан әрі даярлау және анықтау жөніндегі Мемлекеттік комиссия мүшесі, әділет сот және құқық қорғау органдары жүйесі қызметін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі (2006-07). «Прокуратура», «Соттар және судьялар құрылымы туралы» заңдардың жобасын даярлау жұмыс топтарының жетекшісі болды (1994- 95 жж.).

ҚР Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес және мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этикасын ұстану мәселелері жөніндегі комиссияның (2002), ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің (1990 ж. екінші жартысында,  2002-2009 жж., 2003-2006 жж. – ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы), ҚР Президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі Комиссия мүшесі болды (2003-2011 жж.).  2003 жылдан бастап ҚР Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңес, 2010 жылдан – Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатасы Төрағасының орынбасары.

2001 ж. «Құқықтық Қазақстан үшін» атты қоғамдық бірлестік құрды.  2004 ж. сәуір айында «Қазақстан демократиялық партиясының» құрылтайында оның төрағасы болып сайланды. Партия Парламенттің екі сайлауына және ҚР Президентінің екі сайлауына қатысты, сонымен қатар Қазақстандағы әлемдік қаржы дағдарысының салдарынан щығудың оптималды шешімдерін табу мәселелері жөніндегі Партияаралық кеңестің белсенді мүшелерінің бірі болды.

2012 жылдың сәуір айынан бастап «Әділет» партиясының құрметті төрағасы (көшбасшысы).

Заң ғылымдары докторларының  (Н.О. Дулатбекова, С.М. Жалыбина, К.Ж. Карбузова,  Г.К. Утибаева, Г.С. Мауленова, А.Ш. Ещанова) және заң ғылымдары бойынша қорғалған жеті кандидаттық диссертацияның ғылыми консультанты.

КАЗГЮУ жанындағы докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңес мүшесі.

Бірнеше кітаптардың авторы: Подросток и закон (Алма-Ата, 1981); Правовая охрана детства (Алма-Ата, 1984); Уголовно-правовые и криминалистические проблемы борьбы с корыстно-насильственными преступлениями несовершеннолетних (Талдыкорған, 1995); Дорога к правосудию (Алматы, 1997); Ұлы билерімізден жоғарғы сотқа дейін (Алматы, 1999); Уголовное право Республики Казахстан. Уч. пособие (1999, в соавт.); Тұғыры бepiк туған ел (Астана, 2000); От наших великих биев до Верховного Суда (Алматы, 2000); Прокурорский надзор в Республике Казахстан (Алматы, 2002, в соавт.); Бақыттың қиын баспалдақтары (Алматы, 2004); ҚР Прокурорлық қадағалау (Астана, 2005, в соавт.); Ұлы тарихпен бетпе-бет (2005) Анашым – алтыным менің (Алматы, 2006); Трудные ступени счастья (Алматы, 2006); Созидая нацию, объединять, а не разъединять (Астана, 2009), Казахстан: годы реформ (2010), 20 лет независимости: опираясь на успехи двигаться вперед (2012) и др. Газет, журналдар және басқада да басылымдардағы (сонын ішінде электронды) 150 астам ғылыми, саяси мақалалардың авторы.

Марапаттар: «Парасат» (2000) және 2-дәрежедегі «Барыс» (2005) ордендері, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» (2010) атағы,  «Ұлы Отан соғысы жеңісіне XX жыл» (1965), «За трудовую доблесть» в честь 100-летия В.И. Ленина (1970), «Еңбек ардагері» (1990), «Астана» (1998), «ҚР Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астанаға 10 жыл» (2008), «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне ХХ жыл» (2011) медальдары. «Қазақстан Республикасы Прокуратурасына 20 жыл», «Баян- Өлгей аймағына 70 жыл (Монголия)» мерейтойлық медальдарының иегері, қайырымдылық ісі үшін Ауған соғысы ардагерлерінің «Сауап» медалі. «Құрметті судья», «Қазақстан Республикасы прокуратурасының Құрметті қызметкері» атақтары. ҚР Білім және ңылым министрлігінің   «ҚР Құрметті білім қызметкері»  және «Ғылым дамуындағы ерең еңбегі үшін» төс белгілерімен марапатталған. Халықаралық «Сократ» марапатының иегері (Лондон, 2006).  2007 ж. Қазан айында Ресей Жаратылыстану Академиясы Президиумы шешімімен «Білім және ғылымға еңбек сіңірген қайраткері» Құрметті атағы берілді.

2015 жылдың 12 қазанында дүниеден өтті.