_MG_2158

Талғат Нәрікбаев 2008 жылдың маусым айынан бастап осы уақытқа дейін M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің (бұдан әрі – KAZGUU Unıversıteti) Басқарма Төрағасы болып табылады. KAZGUU Unıversıteti-ндегі қызмет жолын Т. Нәрікбаев 2007 жылы Президент лауазымынан бастады. 2013 жылдың сәуір айынан бастап 2019 жылдың маусымына дейін КАЗГЮУ Университетінің Ректоры болып қызмет атқарды.

КАЗГЮУ Университетіне дейін Т.М. Нәрікбаев ҚР СІМ және ҚР ҰҚК органдарында (1999 жылдан бастап 2006 жылға дейін), сондай-ақ 2006 жылы ҚР СІМ Еуропа және Америка департаментінің кеңесшісі лауазымында қызмет еткен.

Т. Нәрікбаев Университетті басқарғалы оның жетістіктері еселей түсті:

• KAZGUU Unıversıteti FIBAA секілді беделді халықаралық аккредиттеу ұйымының сертификатын бірде-бір шартсыз алған Қазақстандағы алғашқы және жалғыз оқу орны болды. MBA бағдарламасы дәл осы Агенттіктің «Алтын сапа стандартына» (Premium Seal) ие болды.

• KAZGUU Unıversıteti қаржы, есеп және аудит саласында АССА аккредиттеу рәсімінен (ACCA – бухгалтерлік есеп бойынша ең ірі халықаралық ұйымдардың бірі, оның мүшелерінің саны бес жүз мыңнан асады), сондай-ақ Есеп және аудит, Қаржы, Экономика және Менеджмент мамандықтары бойынша CIMA аккредиттеу рәсімінен (CIMA – Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің басқарушылық есеп жөніндегі мамандардың халықаралық қауымдастығы), ICAEW (Англия мен Уэльс бухгалтерлерінің институты) сертификаттау бағдарламасы бойынша 7 модульдің аккредиттеу рәсімінен табысты өткен.

• KAZGUU Unıversıteti командасы тоқсаныншы жылдардан бастап Вашингтон қаласында (АҚШ) ағылшын тілінде өтетін, Филипп Джессоп кубогына Халықаралық ойын сот процестерінде Қазақстан Республикасының намысын қорғайды. Бес жыл бойы KAZGUU-дің командасы әлемдегі 100 елдің шетелдік оқу орындарынан 700 командадан асып, жеңімпаз командалардың жүздігіне кіреді, ал 2016 жылы 49-орынды иеленіп, ең үздік елу команданың қатарына енді. Ойын сот процестерін White&Case халықаралық заң фирмасы ұйымдастырады.

• Көптеген жылдар бойы KAZGUU Unıversıteti-нің студенттері «Заңтану» және «Халықаралық құқық» мамандықтары бойынша Республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары болып табылады.

• Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің жай-күйі және дамуы туралы ұлттық баяндаманың деректері бойынша, KAZGUU Unıversıteti түлектерінің жұмысқа орналасуы орташа есеппен 88 % құрайды.

• KAZGUU Unıversıteti Дүниежүзілік Банктің және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасында сот сараптамасын күшейту» атты жобасын жүзеге асыру үшін консорциумды басқарды, бұл консорциумға King’s College London және Key Forensic Services (Ұлыбритания) мүше болып кірді.

• KAZGUU Unıversıteti-нің жанында Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет елдер мен өкілдіктердің елшілері қатысатын «Академиялық дипломатиялық клуб» құрылды.

Университеттегі міндеттерімен қоса, Т. Нәрікбаев қоғамдық қызметті де белсенді атқарады және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұрын – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі) жанындағы Арнайы мониторинг топтың мүшесі болып табылады. 2019 жылдан бастап аталған Арнайы топ төрағасының орынбасары қызметін атқарады.

2018 жылдың қазан айынан бастап Академиялық адалдық лигасының (Adaldyq Ligasy) Жалпы жиналысының Төрағасы болып табылады, бұл Лиганың құрамына 11 жоғары оқу орны және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кіреді.

2019 жылдың шілде айынан бастап өзінің миссиясы ретінде ғылыми-білім беру саласына тартылған барлық субъектілердің қызметінде айқын бизнес-процестерді құруды көздейтін «ADAL BILIM» жобалық кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. Бұл кеңсе Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетовтың бастамасы бойынша құрылып, оны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы А.Ж. Шпекбаев та қолдады.

2019 жылдан бастап «Nur Otan» партиясының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің мүшесі.

Мемлекеттік және ведомстволық наградалары: «ҰҚК-КНБ Қазақстан» төс белгісі (2004 ж.), ҚР ҰҚК Төрағасының алғыс хаты (2005 ж.), «Астанаға 10 жыл» (2008 ж.), «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл» медалі (2012 ж.), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалі (2015 ж.), «Қазақстан Республикасының прокуратурысына 25 жыл» мерейтойлық медалі (2016 ж.), «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалі (2018 ж.), «Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» медалі (2018 ж.), «Ерен еңбегі үшін» медалі (2017 ж.), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет» медалі (2019 ж.).

Туған күні және жері: 03.12.1978 ж., Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы (Кировский а.)

Білімі: Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті (2000 ж.), Ресей Федерациясының Сыртқы барлау академиясы (2004 ж.)

Отбасылық жағдайы: үйленген, 4 баласы бар