КАЗГЮУ Университеті тарихынан

КАЗГЮУ Университетінің тарихы 1994 жылдың 14 наурызындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қазақ мемлекеттік заң институтын құру туралы» №1591 Жарлығынан басталады. Жарлықта, құқық реформасын жүзеге асыру және республиканың заң кадрлары жөніндегі қажетін қанағаттандыру, заң білімін дамыту мен оның сапасын арттыру мақсатында ашылған «Қазақ мемлекеттік заң институты мемлекеттік өкімет пен басқару органдарына, сот және құқық қорғау органдарына, шаруашылық жүргізуші объектілерге заңгерлер даярлауға арналып мамандандырылады» деп анықталады.

1996 жылдың 5 қарашасында Қазақстан Үкіметінің №1349 қаулысымен ҚазМЗИ, Қазақ мемлекеттік заң университеті (ҚазМЗУ) болып өзгертіледі және 1996 жылдың 6 қарашасынан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен Білім және ғылым министрлігінің қарамағына өтеді.

2000 жылдың 14 ақпанындағы Қазақстан Үкіметінің №236 қаулысымен Республикалық мемлекеттік қазыналық мекеме «Қазақ мемлекеттік заң университеті» және «Мемлекет және құқық институты» бірігу жолымен, РМҚМ «Қазақ мемлекеттік заң академиясы» (ҚазМЗА) болып қайта құрылады.

Қазақстан Үкіметінің 2001 жылғы 24 қазандағы №1358 Қаулысымен РМҚК «ҚазМЗА» «Қазақ гуманитарлық заң  университеті» жабық акционерлік қоғамы («ҚазГЗУ» ЖАҚ) болып құрылады

2002 жылы «ҚазГЗУ» ЖАҚ Алматы қаласынан елордамыз – Астана қаласына көшіріледі.

«ҚазГЗУ» ЖАҚ акционерлерінің жалпы жиыны және Директорлар кеңесінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі №6 протоколдық шешімімен Университет Ашық акционерлік қоғам («ҚазГЗУ» ААҚ), ал 2004 жылдың 15 мамырындағы №4 протоколдық шешіммен Акционерлік қоғам («ҚазГЗУ» АҚ) болып қайта құрылады.

2007 жылдың 21 қыркүйегінде «ҚазГЗУ» АҚ Европаның Болонья (Италия) университетінің қабырғасында Дүниежүзілік университеттердің Ұлы Хартиясына қол қояды.

2008 жылдың 2 шілдесінде Қазақстан елінің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен, Есіл өзенінің сол жағалауында, жалпы аумағы 32 235,1 ш.м құрайтын «ҚазГЗУ» АҚ жаңа оқу ғимаратының ресми ашылу салтанаты өтеді.

2013 жылы білім ордасы құрылуының 20 жылдығы қарсаңында, «2013-2020 – Әлемдік деңгейдегі ЖОО» Даму стратегиясы қабылданады.

2015 жылдың 10 ақпанында оқу орны «КАЗГЮУ Университеті» акционерлік қоғамы («КАЗГЮУ Университеті» АҚ) болып мемлекеттік қайта тіркеуден өтеді.

КАЗГЮУ Университеті ректорлары: з.ғ.к., доцент Нұрпеисов Еркеш Қалиевич (1994-1996 жж.), з.ғ.д., профессор Шайкенов Нағашыбай Аманғалиевич (1996-2000 жж.), з.ғ.д., профессор Нәрікбаев Мақсұт Сұлтанович (2000-2007 жж., 2012-2013 ж.), з.ғ.д., профессор Ударцев Сергей Федорович (2007-2009 жж.), з.ғ.д., профессор Қоғамов Марат Шекишевич (2009-2012 жж.), Нәрікбаев Талғат Мақсұтович (2013 жылдан бастап).