Нәрікбаев Талғат Мақсұтұлы – «М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті» АҚ Басқарма төрағасы
Талғат Нәрікбаев 2008 жылдың маусым айынан бастап осы уақытқа дейін M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің (бұдан әрі – KAZGUU Unıversıteti) Басқарма Төрағасы болып табылады. KAZGUU Unıversıteti-ндегі қызмет жолын Т. Нәрікбаев 2007 жылы Президент лауазымынан бастады. 2013 жылдың сәуір айынан бастап 2019 жылдың маусымына дейін КАЗГЮУ Университетінің Ректоры болып қызмет атқарды.
КАЗГЮУ Университетіне дейін Т.М. Нәрікбаев ҚР СІМ және ҚР ҰҚК органдарында (1999 жылдан бастап 2006 жылға дейін), сондай-ақ 2006 жылы ҚР СІМ Еуропа және Америка департаментінің кеңесшісі лауазымында қызмет еткен.
Т. Нәрікбаев Университетті басқарғалы оның жетістіктері еселей түсті:
• KAZGUU Unıversıteti FIBAA секілді беделді халықаралық аккредиттеу ұйымының сертификатын бірде-бір шартсыз алған Қазақстандағы алғашқы және жалғыз оқу орны болды. MBA бағдарламасы дәл осы Агенттіктің «Алтын сапа стандартына» (Premium Seal) ие болды.
• KAZGUU Unıversıteti қаржы, есеп және аудит саласында АССА аккредиттеу рәсімінен (ACCA – бухгалтерлік есеп бойынша ең ірі халықаралық ұйымдардың бірі, оның мүшелерінің саны бес жүз мыңнан асады), сондай-ақ Есеп және аудит, Қаржы, Экономика және Менеджмент мамандықтары бойынша CIMA аккредиттеу рәсімінен (CIMA – Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің басқарушылық есеп жөніндегі мамандардың халықаралық қауымдастығы), ICAEW (Англия мен Уэльс бухгалтерлерінің институты) сертификаттау бағдарламасы бойынша 7 модульдің аккредиттеу рәсімінен табысты өткен.
• KAZGUU Unıversıteti командасы тоқсаныншы жылдардан бастап Вашингтон қаласында (АҚШ) ағылшын тілінде өтетін, Филипп Джессоп кубогына Халықаралық ойын сот процестерінде Қазақстан Республикасының намысын қорғайды. Бес жыл бойы KAZGUU-дің командасы әлемдегі 100 елдің шетелдік оқу орындарынан 700 командадан асып, жеңімпаз командалардың жүздігіне кіреді, ал 2016 жылы 49-орынды иеленіп, ең үздік елу команданың қатарына енді. Ойын сот процестерін White&Case халықаралық заң фирмасы ұйымдастырады.
• Көптеген жылдар бойы KAZGUU Unıversıteti-нің студенттері «Заңтану» және «Халықаралық құқық» мамандықтары бойынша Республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары болып табылады.
• Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің жай-күйі және дамуы туралы ұлттық баяндаманың деректері бойынша, KAZGUU Unıversıteti түлектерінің жұмысқа орналасуы орташа есеппен 88 % құрайды.
• KAZGUU Unıversıteti Дүниежүзілік Банктің және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасында сот сараптамасын күшейту» атты жобасын жүзеге асыру үшін консорциумды басқарды, бұл консорциумға King’s College London және Key Forensic Services (Ұлыбритания) мүше болып кірді.
• KAZGUU Unıversıteti-нің жанында Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет елдер мен өкілдіктердің елшілері қатысатын «Академиялық дипломатиялық клуб» құрылды.
Университеттегі міндеттерімен қоса, Т. Нәрікбаев қоғамдық қызметті де белсенді атқарады және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұрын – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі) жанындағы Арнайы мониторинг топтың мүшесі болып табылады. 2019 жылдан бастап аталған Арнайы топ төрағасының орынбасары қызметін атқарады.
2018 жылдың қазан айынан бастап Академиялық адалдық лигасының (Adaldyq Ligasy) Жалпы жиналысының Төрағасы болып табылады, бұл Лиганың құрамына 11 жоғары оқу орны және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кіреді.
2019 жылдың шілде айынан бастап өзінің миссиясы ретінде ғылыми-білім беру саласына тартылған барлық субъектілердің қызметінде айқын бизнес-процестерді құруды көздейтін «ADAL BILIM» жобалық кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. Бұл кеңсе Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетовтың бастамасы бойынша құрылып, оны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы А.Ж. Шпекбаев та қолдады.
2019 жылдан бастап «Nur Otan» партиясының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің мүшесі.
Мемлекеттік және ведомстволық наградалары: «ҰҚК-КНБ Қазақстан» төс белгісі (2004 ж.), ҚР ҰҚК Төрағасының алғыс хаты (2005 ж.), «Астанаға 10 жыл» (2008 ж.), «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл» медалі (2012 ж.), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалі (2015 ж.), «Қазақстан Республикасының прокуратурысына 25 жыл» мерейтойлық медалі (2016 ж.), «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалі (2018 ж.), «Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» медалі (2018 ж.), «Ерен еңбегі үшін» медалі (2017 ж.), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет» медалі (2019 ж.).
Туған күні және жері: 03.12.1978 ж., Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы (Кировский а.)
Білімі: Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті (2000 ж.), Ресей Федерациясының Сыртқы барлау академиясы (2004 ж.)
Отбасылық жағдайы: үйленген, 4 баласы бар
Пен Сергей Геннадьевич- Провосты (Ректоры)
Б. Бейсенов атындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды заң институты, үздік диплом (2001);
«Заңтану» мамандығы.
Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:
Заң ғылымдарының кандидаты (2007), доцент (2011);
Еңбек өтілі:
1. Қарағанды қаласы ІІБ Михайлов полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің тергеушісі (2001-2002);
2. Б. Бейсенов атындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды заң институтының Қылмыстық процесс кафедрасының оқытушысы (2002-2007);
3. Б. Бейсенов атындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды заң институтының Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының доценті (2007-2010);
4. «Болашақ» Қарағанды университеті заң факультетінің деканы (2010-2012);
5. КАЗГЮУ Ғылыми сараптама және талдау институтының сарапшысы (заңдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына ғылыми құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу) (2012-2015);
6. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы Институтының сарапшысы (2014-2015);
7. Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің сарапшысы (БСҚА) (2014 жылдан бастап);
8. М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Қылмыстық-процестік құқық және криминалистика кафедрасының меңгерушісі (2012-2016);
9. М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Құқық жоғары мектебінің директоры (2016-2019);
10. М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Провосы (2019 жылдан бастап).
Басқа лауазымдары:
1. Халықаралық сот төрелігіне көмектесу қауымдастығының мүшесі (07.02.10 жылдан бастап);
2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі (12.2014-12.2016);
3. Қазақстан заңгерлер одағының мүшесі (04.2015 жылдан бастап);
4. «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңес мүшесі (04.2016 жылдан бастап);
5. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы ғылыми-консультативтік кеңесінің мүшесі (04.2016 жылдан бастап);
Мақалалардың тізімі (үзінді):
1. Уголовно-процессуальное право Республики Казахстан: движение
уголовного дела. (Общая и Особенная части) Оқулық. /З.ғ.д., проф. М.Ш. Қоғамовтың, з.ғ.к. А.А. Қасымовтың жалпы редакциясымен – КазГЮУ, Жеті Жарғы, 2013 – 1016 с. ISBN 978-601-288-064-9 (УДК 343);
2. Осмотр места происшествия: серия «Библиотека следователя». Оқу-практикалық құрал. /з.ғ.к. Т.М. Нәрікбаевтың жалпы редакциясымен. – Астана: КазГЮУ, 2013 – 256-беттер. ISBN 978-601-80377-4-0 (УДК 343 (075));
3. Проблемы разграничения форм досудебного расследования по проекту новой редакции Уголовно-процессуального кодекса //Қазақстан Республикасы Бас Прокурасының «Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалаудың проблемалық мәселелері және оны жақсарту жөніндегі ұсыныстар» семинар-жиналысының материалдары, 31 мамыр 2013 ж. – 33-37-беттер;
4. Модернизация правоохранительной системы Республики Казахстан // «Қазақстанның құқық қорғау органдарын жетілдіру: түйінді проблемалары және шешімдері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары, 17 мамыр 2013 ж., Астана қ., КазГЮУ. С.47-51 – 252 с. ISBN 978-601-80377-5-7;
5. Проблемы разграничения форм досудебного расследования и института сделки по проекту новой редакции Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан // «Қылмыстық құқық пен процестің конституциялық-құқықтық проблемалары» конференциясының материалдары, 11.10.2013 ж. (Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты);
6. Методические рекомендации по определению уровня агрессивности детей и проявления актов жестокого обращения и насилия // Психологтарға, педагогтарға және ата-аналарға арналған әдістемелік құрал. ҚР БҒМ. «КазГЮУ Consulting» ЖШС, Астана, 2013. 205-бет. ISBN 9965-694-83-4 (УДК 616.89-008.444.9);
7. Сборник бланков и образцов документов досудебного производства по уголовному делу. Электрондық басылым. Оқу-практикалық құрал. КазГЮУ, Астана – 2015.
8. Социологические аспекты уголовного судопроизводства // Құқық және мемлекет. №1(62), 2014. 89-92-беттер;
9. IT-навыки в учебном процессе – Техника создания презентаций // «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді жетілдіру аясында Қазақстан Республикасындағы заң білімін дамытудың жаңа жолдары» ғылыми-практикалық конференциясы, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, Қарағанды қ., 2014г., 4-бет., ISBN 6-1981-1611-0
10. Соглашение о сотрудничестве – важная новелла Уголовно процессуального кодекса Республики Казахстан, 04.07.2014 ж.//
11. Қазақ Гуманитарлық-Заң Университеті Қылмыстық-процестік құқық және криминалистика кафедрасының профессоры, з.ғ.к. К.В. Кимнің 60 жасқа толуына арналған «Криминалистиканың қазіргі заманғы проблемалары» халықаралық дөңгелек үстелдің материалдар жинағы, 2015 жылғы 23 қаңтар. Астана: «КазГЮУ Консалтинг» ЖШС, 2015. – 266-бет. ISBN 978-601-7538-09-5
12. Anti-Trafficking in the Commonwealth of Independent States: The Main Areas and Mechanism of International Cooperation // Mediterranean Journal of Social Sciences MCSER Publishing, Rome-Italy, Vol 6 No 3 S1, May 2015, p.p.94-101 (ISSN 2039-2117 (online), ISSN 2039-9340

Құдайбергенов Ғалымжан Баянқұлұлы – Басқарма төрағасының орынбасары
1979 жылы 26 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Орта білімін Қызылорда қаласындағы А. Байтұрсынов атындағы №211 орта мектебінде алған. 1996 жылы, мектеп бітіргеннен кейін Қазақ мемлекеттік заң институтына түсіп, 2000 жылы заңгер мамандығы бойынша аяқтаған (Алматы қаласы) .
Екінші жоғары білімді қаржы мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық заң университетінде алған.
Жоғары оқу орның бітіргеннен кейін еңбек жолын Астана қаласында, ҚазГЗУ қабырғасында бастаған: оқытушы, декан орынбасары.
Бас офис Алматыдан Астанаға ауысқаннан кейін ректор көмекшісі қызметін атқарды.
2004 жылдан бастап ұйымдастыру-бақылау және кадрлық қамтамасыз ету басқармасы бастығының функцияларын атқарды.
2008-2011 жж- рухани даму және әлеуметтік бейімделу жөніндегі проректор, ғылыми сараптама және талдау институты директорының орынбасары.
2011 жылы коммерциялық мәселелер жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына ауыстырылды.
Марапаттар мен ерекшеліктер: ҚР Президентінің Алғыс хаты (2006), «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалі (2008), «КАЗГЮУ 15 жыл» мерекелік медалі (2009).
Үйленген, үш баласы бар.
Мұхамеджан Ерболат Амангелдіұлы – КАЗГЮУ Басқарма Төрағасының Орынбасары
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
2006 – 2010 жж. – Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, мамандығы «Экономика және бизнес»;
2010-2012 жж. – Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, экономика ғылымдарының магистры
Білім модулінің курстары:
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік Басқару Академиясында оқу курсынан өтті.
«Нұр Отан» партиясы жанындағы Саяси менеджмент мектебінде оқу курсынан өтті.
Bloomberg TV оқу курсынан өтті (Гонконг).
Bloomberg TV оқу курсынан өтті (Лондон)
Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар:
«Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.
Жұмыс орындары:
- ҚР БҒМ «Ақпараттық-талдамалық орталық» АО басқарушы директоры
- ҚР БҒМ «Ақпараттық-талдамалық орталық» АҚ БАҚ және халықпен жұмыс департаментінің директоры
- ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі
- «Atameken Business» медиа-холдингінің бас продюсерінің орынбасары
- «Басты тақырып» бағдарламасының авторы мен жүргізушісі
- «БИРЖА Ерболат Мұхамеджанмен» бағдарламасының авторы мен жүргізушісі
- Үржар ауданы әкімдігінің «Үржар ауданының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
- Үржар ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің бас маманы
- ШҚО Кәсіпкерлер палатасының Үржар ауданы филиалының Кәсіпкерлерді қолдау орталығының консультант-менеджері
- Үржар ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі
- «Қазақстан» РТРК» АҚ «Экономика» жаңалықтар бағдарламасының авторы және жүргізуші-редакторы, Астана қ.
- «КазГЮУ» АҚ Қаржы және есеп кафедрасының аға оқытушысы, Астана қ.
- Сабақ беру және ғылыми сала; Жоғары білім саласындағы заманауи жетістіктер негізінде инновациялық оқу технологияларын енгізу
- «Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ» АҚ «Инновациялық бизнес» және «Кәсіпорын экономикасы» пәндерін оқытушы, Алматы қ.; Мобильді топтың жетекшісі. Қазақстан қалалары бойынша сабақ беру және тренингтер.
- Алматы сауда палатасы, Алматы қ. «Партнер» кәсіпкерлік мектебінің директоры. Тренингтер, шеберлік сабақтарын өткізді.
- «Дана жол» қолданбалы экономика орталығы» ЖШС экономист-аналитигі, Алматы қ.
- Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайының ұзақ мерзімге арналған моделін әзірледі.
Крушинский Максим Алексеевич – Руководитель Управления правового обеспечения
Туған күні және жері: 30.09.1980; Қарағанды қ.
Отбасылық жағдайы: үйленген.
Туыстық байланысы:
Әкесі – Крушинский Алексей Алексеевич, 1950 жылы туған;
Анасы – Крушинская Антонина Валентиновна, 1957 жылы туған;
Әпкесі – Крушинская – Трахинина, 1976 жылы туған;
Жұбайы – Крушинская Екатерина Викторовна, 1982 жылы туған;
Ұлы – Крушинский Максим Алексеевич, 2010 жылы туған;
Қызы – Крушинская Александра Максимовна, 2013 жылы туған.
Тілдерді меңгеруі: орыс тілі еркін, қазақ және неміс тілдері – сөздікпен.
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
- Қазақ мемлекеттік заң университеті, Астана қаласы, мамандығы – құқықтану, біліктілігі – заңгер (1998-2002 жылдары);
- Қазақ гуманитарлық-заң университеті, Астана қаласы, біліктілігі және академиялық дәрежесі – заңтану магистрі (2002-2004 жылдары).
Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:
– Қазақ гуманитарлық-заң университеті, Астана қаласы, біліктілігі және академиялық дәрежесі – заңтану магистрі (2002-2004 жылдары).
Ғылыми бағыты:
заңтану: қылмыстық процесс, криминалистика және сот сараптамасы, жедел-іздестіру қызметі
бизнес-әкімшілендіру: менеджмент, баламалы басқару жүйелері.
Жұмыс орындары:
- 30.09.1998 ж. бастап 19.04.2004 ж. дейін – Қарағанды облыстық балалар психоневрологиялық диспансері (күзет қызметі);
- 15.04.2004 ж. бастап 01.09.2004 ж. дейін – Қазақ гуманитарлық-заң университеті Қылмыстық сот ісін жүргізу және криминалистика кафедрасының криминалистикалық кабинеттерінің меңгерушісі;
- 01.09.2004 ж. бастап 01.09.2005 ж. дейін – Қазақ гуманитарлық-заң университеті Қылмыстық сот ісін жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы, криминалистикалық кабинеттерінің меңгерушісі;
- 01.09.2005 ж. бастап 04.05.2006 ж. дейін – Қазақ гуманитарлық-заң университеті Қылмыстық сот ісін жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы, криминалистикалық кабинеттерінің меңгерушісі;
- 04.05.2006 ж. бастап 15.08.2006 ж. дейін – Қазақ гуманитарлық-заң университеті Сырттай және қашықтықтан оқыту факультеті деканының орынбасары, Қылмыстық сот ісін жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы;
- 01.09.2006 ж. бастап 01.09.2007 ж. дейін – Қазақ гуманитарлық-заң университеті Қылмыстық сот ісін жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы;
- 01.09.2007 ж. бастап 01.09.2008 ж. дейін – Қазақ гуманитарлық-заң университеті Қылмыстық сот ісін жүргізу және криминалистика кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, аға оқытушысы;
- 21.11.2008 ж. бастап 18.05.2009 ж. дейін – Қазақ гуманитарлық-заң университеті Қылмыстық сот ісін жүргізу және криминалистика кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушысы;
- 24.08.2009 ж. бастап 03.07.2010 жылға дейін – «Қазақ Гуманитарлық-Заң Университеті» АҚ құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, Қылмыстық сот ісін жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы;
- 03.07.2010 ж. бастап 05.01.2015 жылға дейін – «Қазақ Гуманитарлық-Заң Университеті» АҚ құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы, Қылмыстық-процестік және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы;
- 05.01.2015 ж. бастап осы уақытқа дейін – «Қазақ Гуманитарлық-Заң Университеті» АҚ құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы, Қылмыстық-процестік және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы.
Басқа наградалары:
Қазақ Гуманитарлық-Заң Университетінің Құрмет грамотасы;
«Әділет» демократиялық партиясының сайлауалды науқанына белсенді қатысқаны үшін алғыс хат;
КАЗГЮУ-дің 2 мерейтойлық медалі.
Ғылыми, әдеби еңбектері, жарияланымдары:
- Философия бойынша конкурстық рефераттардың жинағында «Пришествие Люцефера или псевдовера» атты тақырыпқа философия бойынша публицистикалық мақала;
- «Құқықтық мемлекет. Проблемалары мен болашағы» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының жинағында «Криминалистическая характеристика преступлений совершенных несовершеннолетними в группе лиц» криминалистика бойынша ғылыми мақала, Астана, 2002;
- Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жинағында «Тактика профессиональной защиты» тақырыбына қылмыстық процесс бойынша ғылыми мақала;
- Магистранттардың «Заманауи кезеңде Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін дамытудың теориялық проблемалары» атты жинағында «Нравственные начала тактического приема» тақырыбына криминалистика бойынша ғылыми мақала;
- Жас ғалымдардың «Қылмыстық-құқықтық зерттеулердің заманауи проблемалары» атты жинағында «Механизм совершения преступлений» тақырыбына криминалистика бойынша ғылыми мақала;
- 2002 жылы халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысу, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Егер ол кісі өлтірген болса, қорғаушы қажет пе?» атты ғылыми практикалық конференциясына «Тактика профессиональной защиты» тақырыппен қатысу.
Әскери қызмет, атағы: запастағы лейтенант