Денсаулық орталығы

Дені сау болу – мақтаныш!
Дені сау студент

Денсаулық – өкінішке орай, адам жеткілікті назар аудармайтын адам өмірінің құндылығы. Алайда, денсаулық сақтау, білім беру, дене шынықтыру, органдарының ресми деректері, ғалымдардың, дәрігерлердің, мұғалімдердің зерттеулері бойынша студенттер біздің елдің өкілді топтарының бірі саналады. Қазіргі уақытта Қазақстанда миллионнан астам студент бар. Студенттікті өзіндік мінез-құлықтық ережелері бар, өмір сүру салты өзгеше тұрғындардың жеке тобы ретінде де қарастыруға болады.

Денсаулық орталығының мақсаты – студенттік жұмыс істеу қабілеті мен денсаулығы жұмысының өзара байланысын зерттеу. Біздің міндетіміз – студент денсаулығын кәсіби тұрғыда қарастыру: студенттерде жұмыс істеу қабілеті дамуының жалпы заңдылықтарын зерттеу, дене шынықтыру құралдары арқылы студенттердің психоэмоциялық жағдайын басқаруды қарастыру. Астана қаласы, Қорғалжын көшесі, 8 мекенжайында орналасқан КАЗГЮУ ғимаратындағы бірінші медициналық орталық 2008 жылы ашылған болатын. Алғашқы күннен бастап ол медициналық орталық ретінде  студенттерге де, КАЗГЮУ қызметкерлеріне де қызмет жасады.

 

Денсаулық орталығының жаңалықтары

КАЗГЮУ-де «Денсаулық күні» шарасын өткізді.

23 қыркүйекте КАЗГЮУ Университетінде «Денсаулық күні» шарасы аясында «AD-НОРМА» акциясы өткізілді. Аталған шара қызметкерлердің күнделікті жұмыс күніндегі жағдайларын тексеруді, сонымен қатар қызметкерлердің есіне олардың денсаулықтарына қамқорлық жасау маңызды екенін еске салуды мақсат еткен. Адам капиталын басқару және стратегиялық дамумен бірге «Денсаулық орталығы» қызметкерлері КАЗГЮУ-дің профессорлық-оқытушылық құрамы мен әкімшілік-басқару қызметкерлерін қарап шықты: қан қысымын тексерді, жолдама жазып берді. Қаралған әр адамды қосымша темір көзі ретінде, әрі жалпы көңіл күй көтеру үшін кокоспен қапталған гемотоген сияқты азырақ кәдесый күтіп тұрды.

«AD-НОРМА» акциясы аяқталған соң келесі нәтижелер анықталды:
Қан қысымы қалыпты: 90 адам;
Төмен қан қысымы: 7 адам;
Жоғары қан қысымы: 3 адам.

Қатысушылар алғыс парағында көрсетілген қамқорлығы мен ілтипаттары үшін Денсаулық орталығына алғыс айтып, өздерінің тілектерін қалдырды.

Біздің біліміміз бен әрекеттеріміз КАЗГЮУ Бірлестігінің игілігі үшін қызмет етсін!