Қауіпсіздік

КАЗГЮУ-дың күзет қызметінің сенімді техникалық жабдығы мен тәжірибелі мамандарының кәсіби командасы Университет құрылғалы оның үздіксіз және қауіпсіз білім беру процесін қамтамасыз етеді.

Мүмкіндіктері шектеулі студенттер үшін білім ордасының оқу корпусы арнайы кіру алаңымен, сыртқы пандуспен, тамбурмен, жолаушылар лифтімен, санитарлық-тұрмыстық бөлмежайлармен, ақпарат және телекоммуникация құралдарымен жабдықталған, одан басқа, осындай студенттердің көлік құралдары үшін тиісті белгілермен белгіленген автокөліктердің арнайы тұрақ орны қарастырылған.

Орталықтандырылған бейнебақылау жүйесі қажетті сапа стандарттарына сәйкес келеді (Университетте 140 бейнебақылау камерасы орнатылған), сондай-ақ университет ғимараты өрт және қорғау дабыл беру жүйесімен жабдықталған.

Күзет қызметінің өкілдері, жалпы саны 30 қызметкер барлық бекеттерде ауысым бойынша тәулік бойы қызметін атқарады. Өткізу турникеттерімен жабдықталған бекеттер оқу корпусының, жатақхананың кіребес және шығаберіс жақтарында, автокөліктердің тұрақтарына кіру/шығу жолдарында орналасқан.

Одан басқа, қауіпсіздік қызметі оқу процесі және университеттің ұйымдастыратын мәдени-көпшілік шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін жауапты болады.

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: