З.ғ.к., профессор Өмірзақова Л.А. Ювясюль (Финляндия) қаласындағы халықаралық симпозиумға қатысты

2016 жылдың 13-14 қаңтарында Қазақстан тарихы және Жалпы білім бру пәндері кафедрасының профессоры, з.ғ.к., Өмірзақова Л.А ФИнляндия Академиясының «Ислам әлемі мен Еуропадағы ағымдық заманауи Саяси билік» тақырыбындағы ғылыми жобасы аясында өткізілген Ювяскюль Университетіндегі (Финляндия, Ювяскюль қаласы) «Аль-Фарабидің саяси философиясы жаһандыө контекстте» атты халықаралық симпозиумға қатысты.

Симпозиум қатысушылары ортағасырлық Ұлы данышпандардың бірі Аль-Фараби философиясын ұлықтап құрметтеуге жиналды. Ұлы ойшылдың ғылыми ойларын терең түсіну үшін және оны уйрену жағдайы мен оның дәрежесінің толық бейнесін ашу үшін ортағасырлық оқымысты атымен байланысты барлық ғылыми зерттеулермен толық әрі тұрақты түрде танысып отыру керектігін көрсетті.Симпозиум қатысушылары ХХ! Ғасырдағы заманауи дамудық жаһандық дағдарысында Аль-Фарабидің әлеуметтік-саяси ойлары толықтай өз өзектілігін сақтайтынын атап көрсетті. Сонымен қатар, діни құндылықтардың, әлемдегі діни эктстремизмнің өсуі кезінде бейбіт даму жолдары мен қоғам құру формаларын көрсеткен, ішкі рухани-адамгершілік құндылық мен идеалдарды дәріптеген ислам мәдениеті ойшылдарының филосфиялық және саяси-әлеуметтік ойлары өз өзектілігін арттыра түседі. Өмірзақова Л.А. өз сөзінде Ювяскюль университетінде де түркі халқы ойшылының шығармашылық еңбектерін үйретумен айналысатын Василиос Сирос, Риггз Тимоти, Яри Каукуа, Джереми Клеидости сияқты біраз фарабист ғалымдардың бар екендігін атап өтеді.

Симпозиумға Қазақстаннан, Финляндиядан және Америкадан келген ғалымдар қатысты.

Поделиться с друзьями: