КАЗГЮУда оқудың 10 себебі

1. КАЗГЮУ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бастамасымен 1994 жылы құрылған.

2. Ұлттық рейтинг бойынша Қазақстандық үздік ЖОО-ның бестігіне кіреді.

3. Еліміздегі ең әдемі кампус, жалпы көлемі отыз екі мың шаршы метрден артық. Бұл классикалық стильде салынған бірігей жаңа корпус, қазіргі заман стандарттарына сәйкес және соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған.

4. Гранттар мен жеңілдіктер оқу кезеңі бойы бөлінеді, жақсы үлгерімге және қоғамдық өмірде белсенділік танытқан үшін 50 % дейін жеңілдіктер қарастырылған.

5. Халықаралық тағылымдар мен академиялық ұтқырлық, 40 астам серіктестік ЖОО (University of Wroclaw (Польша),Seoul National University (Оңтүстік Корея), Nagoya University (Жапония), Dundee University (Ұлыбритания), University of Pecs (Венгрия), Bologna University (Италия)…)

6. Үздік профессорлық-оқытушылық құрамы – Ұлттық Ғылым Академиясының академиктері, 40 шетелдік профессорлар, 300 астам оқытушылар, олардың 55% ғылым докторлары мен кандидаттары.

7. Түлектердің 95 % университетті аяқтаған жылы жұмысқа орналасқан, қазіргі күні олардың көбі мемлекеттік мекемелерде және ұлттық холдинг пен компанияларда жоғары лауазымда.

8. Ең қызықты студенттік өмір: 15 астам жастар ұйымдары бар («Жан Шуақ» Қайырымдылық ұйымы, «Сезiм» поэзия клубы, «Орда» дебат клубы, Бизнес-инкубатор, КВН, «КАЗГЮУ Университеті» ВИАсы, КАЗГЮУ футбол лигасы…)

9. Жетекші мамандардың дәрістері және шеберлік-сыныптары өткізіледі: бизнес, халықаралық ұйымдар жетекшілерінің, шет мемлекет елшілерінің, мәдениет және өнер қайраткерлерінің, жәнеде Қазақстан Республикасы министрлерінің.

10. Фитнес зал, 1 млн. 120 мың дана кітап қоры бар кітапхана, студенттік кафелер желісі, кампустың барлық аумағында Wi-Fi , мемлекеттік органдарда және ірі ұлттық компанияларда тәжірибеден өту.

КАЗГЮУ– бұл қазақстандық «Гарвард» деп толық айта аламыз. Сапалы және қолжетімді білімді таңда!

Поделиться с друзьями: