КАЗГЮУ магистратурасының түлегі Тоқтабаев Тимур Қазақстан Республикасы Инвестициялар мен даму вице-министрі лауазымына тағайындалды

Университеттің әкімшілігі мен профессорлық-оқытушылық құрамы КАЗГЮУ Университеті магистратурасының «Құқықтану» мамандығының түлегі Тоқтабаев Тимур Сериковичті Қазақстан Республикасы инвестициялар мен даму вице-министрі лауазымына тағайындалуымен шын жүректен құттықтайды.

Мансаптық жолмен өсу – әр адамның қолынан келе бермейтін жол, бұған тек лайықтылар ғана қол жеткізе алады! Сіздің нақ осындай, өз әріптестеріңіз бен жұмысыңызға шынайы берілген адам екеніңіз күмәнсіз! Бұл баспалдақ Сіздің атқарған қызметіңізге деген лайықты баға бола алады! Сізге зор денсаулық, кәсіби жетістіктер, өз мақсаттарыңызға жетуіңізді, әрі жаңа лауазымда қажымас қайрат тілейміз!

Поделиться с друзьями: