Йога күні

2016 жылдың 13 мамырында КАЗГЮУ-де дәстүрге айналған екінші рет Йога күні өтті. Аталған дәстүрді 2015 жылдың 13 мамырында Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев Қазақстандағы ОАР елшілігімен бірлесіп бастаған болатын. Осыдан бір жыл бұрынғыдай шараны ОАР елшісінің жұбайы Рувейда Сони ханым жүргізді. Қазақстандағы ОАР елшілігінің қызметкерлері, ҚР Президенті жанындағы Жасыл экономика кеңесінің мүшесі Бакыт Есекина, КАЗГЮУ ректоры Талғат Мақсұтұлы Нәрікбаев студенттермен бірге биді орындады.   

Поделиться с друзьями: