Тимбилдинг «Жер жүзін айналып шығу саяхаты»

КАЗГЮУ Басқармасы нағыз кәсіби өз істерінің мамандарынан құралған команданы қалыптастыруға үлкен мән береді. Нәтижесінде қызметкерлердің жұмыс істеу қабілетін арттыруға, ұжымдағы жағымды ауанды сақтауға тиімді жағдайлар жасалды. Барлық ұйымдастыру шаралары ЖООның қазақстандықтарға сапалы және қолжетімді білім ұсыну миссиясысының орындалуына қол жеткізуге бағытталған.    

Көрсетілген басымдықтар бойынша ағымдағы жылдың 14 мамырында ЖООның қызметкерлері үшін HR Басқармасы «Жер жүзін айналып шығу саяхаты» тақырыбында тимбилдинг ұйымдастырылды. Шара аясында ұжым мүшелері топтық жұмыс пен корпоративті духты көтеруге бағытталған әр түрлі жарыстар мен ойын бағдарламаларына қатысты.

Демалыс өте белсенді өтті. Қызметкерлер бейресми жағдайда пікірлесуге мүмкіндік алып, өздерін жаңа ойын кейіпкерлері ретінде сезінді. Ұйымдастырушылардың мақсаты бойынша ол ойындар мен жарыстар қызметкерлердің тұтқиылды, ойламаған жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай білуі үшін арнайы машықтарды дамытуға бағытталған.    

HR Басқармасы арнайы бағдарламаның әлем елдері бойынша «саяхатты» қамтығандығына, әрі бұл ең алдымен, ұлттық ойындардың алуандығымен байланысты екеніне назар аударды.    

Осылайша топ мүшелері Англия елінде болып, нысанаға дәлдеп тигізуге байланысты жарысты, Италияда өтетін гладиаторлардың сайыстарына қатысты, американдық мега-пазлдарды жинауда ептілік танытты, жұмсақ сақаны қолданып, күш сынасты, жапондық ағаштаяқтарын қолдануды игерді, мега-волейбол ойнады, Германиядан жүріп өтіп, самокаттармен сырғанады, толыққанды басқа да HR Басқармасы дайындаған қызықты байқау жобаларына қатысты. Әрине, сонымен қатар әлемдік саяхатта ұлттық тағамдардың дәмін татпай кетуге болмайтындығы ескеріліп, шығыс, кавказ, түрік, еуропа және орыс ұлттық тағамдарынан да дәм тартылды.  

Мюзиклді сахналардыруға қатысып, қатысушылар өздерінің шығармашылық бейімділіктерін де көрсетулеріне, оның ішінде вокалдық және бишілік өнерлерін көрсетуге мүмкіндік алды.

14 команданың арасынан барлық жарыстарға қатысқан «Христофор Колумб» командасы жеңімпаз атанды. Ұжымның барлық мүшелері үшін демалыс психологиялық жеңілдік сыйлап, күнделікті жұмысқа жаңа күшпен кірісулеріне септесті. Тәжірибеде көрсетілгендей, мұндай шараларды өткізу қызметкерлердің өзара қарыс-қатынаста қызмет жасауын арттырып, белгілі бір қойылған мақсаттарға жету жолында бір-бірін қолдауға ықпалдасады.

Смотреть полный фото-отчет здесь.

Поделиться с друзьями: