КАЗГЮУ-дегі «ENT Life»

КАЗГЮУ Қазақстандағы алдымыздағы ҰБТ аясында Астана қ. орта мектептердің түлектеріне алдын ала сынақ емтиханын ұйымдастырды.  Түлектер тестілеуден шынайы жағдайда өтуіне мүмкіндік алды. Мұндай мүмкіндікті КАЗГЮУ жоғары сынып оқушыларына 3 жыл қатарынан ұсынып отыр. Бұл оқушылардың әлеуметтік-психологиялық-бейімделуіне бағытталған шара «ENT Life» көлемді жобасын жүзеге асыру аясында өткізіледі.

 

Сынақты ҰБТ-да жалпы көлемі Астана қаласы мен Ақмола облысы Аршалы ауданының мектеп/лицейлерінің 500 түлектерін қабылдады. Мұндай үлгідегі тестілеу тек қана білімін арттырып, ҰБТ-ға дайындық деңгейін тексеріп қана қоймай, сонымен  қатар тікелей емтиханның өту үдерісі туралы ақпараттануға мүмкіндік береді. Тестілеу ҰБТ кезіндегі шынайы, нақты жағдайларға жақындатылып, өткізілді.    

Мұндай тестілеуге қатысу түлектердің тілектері бойынша, әрі ерікті негізде жүзеге асырылады.

Толықтай алғанда КАЗГЮУ мектеп ұйымдарымен ынтымақтастық меморандумдарын жүзеге асыру  аясында балаларға мүмкіндігінше жан-жақтсы қолдау көрсетуде. Нақтыласақ, Астана қ. жоғары сынып оқушыларына психологияға қатысты олардың күйзеліктерге қарсы тұра білу қабілеттерін арттыру үшін, есте сақтау және зейінді дамытуға қатысты  тренингілер өткізу дәстүрлі тәжірибеге айналды.     

Ағымдағы оқу жылында Қазақстандардағы ұлттық ЖООларына қабылдану үшін алуға қажетті балл көлемі – 70 баллды құрайтынын айтқан дұрыс. Одан өзге ЖООларға ақылы негізде оқуға қабылдану баллы – 50 балл көлемінде белгіленген. ҚР БҒМ ақпараты бойынша Астанадағы ҰБТ КАЗГЮУ, ЕҰУ мен Агротехникалық ЖОО-ларында өтеді.

Поделиться с друзьями: