КАЗГЮУ – өзекті білімге бағдар

Динара АРХАРОВА
Біздің бірінші қонағымыз – Медет Карим, «СП «КазГерМунай» ЖШС бас директорының орынбасары. Медет Сапиевичтің мойындауынша, КАЗГЮУ Бизнес мектебіндегі оқу оған өзінің кәсіби әлеуетін толыққанды танытуға ғана емес, сонымен қатар жақсы өмір мектебінен өтуге мүмкіндік берді.

Сұхбатта қонағымыз КАЗГЮУ-дің болашақ түлектеріне татымды кеңестер беріп, өзінің жинақтаған тәжірибесімен бөліседі.

– Медет Сапиевич, Сіз КАЗГЮУ Бизнес мектебінде оқуын табысты тамамдағандардың бірісіз. Сұхбаттың алдында оқырмандармен өміріңіздің осы кезеңі туралы өз естеліктеріңізбен бөлісе отырсаңыз?

– Әрқашан КАЗГЮУ МВА курстарындағы оқу кезеңін ғанибетпен еске аламын. Осы қабырғаларда алған әсерлерім көп жылдарға естелік болары сөзсіз. Оқуым басталған кездің өзінен-ақ берілетін материалдың сапасына, тиімділігіне, оқу бағдарламалардың нақтылығына, сонымен қатар барлық оқу үдерісінің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына басты назар аударып, қайран қалғанмын. Мен басты назар аударған КАЗГЮУ-дің ерекше белгісі – тәжірибелік жағынан пайдалы, арнайы маманданған басқарушылық білімге деген бағдар. Тренингілер мен семинарлардың басым бөлігін қазақстандық және шетелдік танымал оқытушылар жүргізді. Олардың өздері қызмет атқарып жатқан салаларында бай тәжірибе жинақтағаны күмән тудырмайды. Сол тәжірибесімен олар тыңдаушыларымен бөліскені қуантады. Тағы бір назар аударатын мәселе… Теориялық жағынан құнды негізді білім алып қана қоймай, барлық магистранттар өздерінің алған білімдерін әр түрлі тағылымдамаларға (оның ішінде шетелдік те бар)  қатысып, іс жүзінде қолдана алғандығы қуантады. Бұл дүниетанымды кеңейтіп, өз жұмыстарымызда тексерілген, уақыт тезінен өткен тиімді әлемдік әдістер мен құралдарды ала отырып, оларды пайдалануымызға мүмкіндік берді.

– Таныстығымызды ары қарай жалғастырсақ? Қазіргі кезде қандай жобаларды басқарудасыз?

– «СП «Казгермунай» ЖШС-тың кешенді ұзақмерзімді стратегиясын әзірлеу – басты назардағы, негізгі жобалардың бірі. 2012 жылы Казгермунай қысқамерзімді операциялық стратегия әзірлеуді бастаған.

Негізгі мақсаты –  компанияның кейбір ішкі үдерістерін оңтайландыру, стратегиялық басқарудың тұрақты және тиімді жүйесін құрастыру болатын. Сол уақытта компанияда белгілі деңгейде мықты-дерлік менеджерлер тобы құрастырылып қалған болатын. Алған білімді, оның ішінде КАЗГЮУ-де алған білімді де, басшылыққа ала отырып, жан-тәнімен берілуді және бастамашылдықты таныта отырып, біз алға қойған мақсатымызға жете алдық.  

Бүгінгі күні Казгермұнай Қызылорда облысы және жалпы Қазақстан Республикасы бойынша мұнай табушы кәсіпорындардың арасында көшбасшы ретінде танылып отыр. Компания бірнеше рет мемлекеттік сыйлықтармен марапатталды. 2014 жылы «Парыз» сыйлығының «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» атылымы бойынша мемлекеттік сыйлықтың иегері болды. Бірақ жеткен межеде тұрып қалмау керек. Қазіргі кезде компания алдында біз куәі болып отырған әлемдік экономика жағдайында ұзақмерзімді тұрақты даму болашағын қамсыздандыру өзекті мәселе ретінде көтерілуде.  Кешенді стратегия одан да көлемді міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Біз даму үстіндеміз, осыған орай, тілектеріміз бен қажеттілігіміз де өсуде.  Әрекет етуші кен орындарын тиімді және орынды пайдалану, компания қоры базасын толықтыру, өндірістік үрдісті жетілдіруді біздің негізгі міндеттеріміз ретінде атауға болады. Стратегияда адам қоры мен мүмкіндіктерін басқару мәселелеріне маңызды орын бөлінген. Кадрлар бәрін шешетіні даусыз. Тіпті бәрін болмаса, да көбісін шешеді. Мұндағы біздің мақсатымыз – компанияны жоғары білікті, стратегиялық мақсаттарға жетуге ынталанған персоналмен қамтамасыз ету. Бұған қызметкерлерге сапалы білімі мен дамуды ұсына отырып, адам қорын басқарудың тиімді амалдары мен әдістері іздеп тауып, енгізу, атқарушылық тәртіпті бақылауды күшейту мен қызметкерлердің әлеуметтік деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз ету арқылы ғана қол жеткізе аламыз. Біз өндірісті үдерістің экологиялық және өндірістік қауіпсіздігіне үлкен мән береміз. Негізгі міндет – еңбек пен қоршаған орта қауіпсіздігін жоғары деңгейін қамтамасыз ету, өнідірістік мәдениет арқылы жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу, сонымен қатар үздіксіз мониторингі мен өндірістің экологияға жағымсыз әсері мен жарақаттануды азайтуға байланысты әлемдік деңгейдегі жаңа амалдарды, тәсілдерді тиімді енгізу болып табылады.   

– Медет Сапиевич, Сізге білімді жалғастырып, қосымша мамандануды КАЗГЮУ қабырғасында алуға не себеп болды? Алынған білімді тікелей өз қызметіңізде бүгінде қолданудың қандай басымдықтарын атай аласыз?

– Әр адам белгілі бір салада кәсіби маман болуы керек: инженер тұрақты да нақты құралдарды құрастыру керек, дәрігер емдеудің тиімді әдістерін қолдана отырып, науқастардың мәселелерін шешуі тиіс. Басқарушының міндеті – мәселені уақытында анықтап, шешу, осы орайда компания қорларын тиімді қолдана алу болып табылады.

КАЗГЮУ Бизнес-мектебіндегі МВА курсы беретін машықтар түлектерге компанияны басқаруға қатысты мәселелерде бағдарлай білуіне мүмкіндік береді. МВА қаржылық менеджмент, маркетингілік басқару, сонымен қатар жобалау менеджмент, ұйымдастырушылық әрекеттер, персоналды басқару мн көптеген басқа да мәселелерге қатысты үлкен ілімдердің кеңістігін ашады.

Өз жұмысымда мен белгілі компанияға қатысты, нақты жағдаяттарға қатысты, туындаған мәселелерге байланысты әдістер мен құралдарды бейімдей отырып, алған білімімді пайдалануға тырысамын. Мансаптық жолымның өсуінде мен көбінесе басқарудың тиімді әдістерін зерттеуді қажет етемін. Шешуге қажетті міндеттер кұрделене береді, ауқымы да кеңейе түседі. Біздің мына барлығы жылдам дамып жатқан заманда уақытпен бірге үзеңгілесіп жүру үшін үнемі жетілдіріліп отыру қажет. Осы айтылған – білімге құштарлық, өркендеуге деген жақындық, анағұрлым тиімді болуға деген ұмтылыс сияқты мәселенің барлығы негізгі түрткі болды деп ойлаймын. Қазіргі әлем бізге көптеген мүмкіндіктер ұсынуда. Оларды уақытынды тиімді пайдалануға даяр болу керек.

Мен неліктен білімімді жалғастыру үшін КАЗГЮУ-ді таңдадым? Университеттердің дамуын, жаңа әдістерді енгізуді, білім беру бағдарламаларының жетілдірілуін жіті қадағалап отырамын. Университет өз тыңдаушыларына ең үздік жаттықтырушыларды тарта отырып, тәжірибе алмасуды, әр түрлі тағылымдамалар мен шеберлік сағаттарын ұйымдастыра отырып, қажетті машықтар мен білімді беруге ұмтылады.   

– Кәсіби жағынан Сіз үшін КАЗГЮУ-дегі оқу не берді? Мансаптық жолыңыздың өсуі мен өзіңізді танытуда қандай мүмкіндіктер ала алдыңыз?

– КАЗГЮУ-дегі оқу – бұл ең алдымен, өзіңнің тиімділігіңе қатысты алға қарай дамуға қатысты қозғау салу, бұл басқарушылық саладағы ілімдер мен дағдылар қоры. Аса жауапты лауазымдарда отырғанда біз тек қана мүкіндіктер мен кеңейтілген өкілеттіктерге қатысты шешім ғана қабылдамауыз керек, сонымен қатар бұл үлкен жауапкершілікті де жүктейтінін ұмытпауымыз керек.

Мансаптық жолмен өсу үшін сол өсуді қажет ететін талаптарға сай болу керек. Лайықты біліктілік, көшбасшылық қасиеттер, мықты басқарушылық машықтар болуы керек.    

Осының барлығын ауыр тәжірибең, көптеген қателіктерге ұрынып барып, ұғынуға да болады. Бірақ тәжірибелі ұстаздар мен мамандар беретін ілім мен машықтарды игеру анағұрлым тиімдірек. Белгілі бір мәселелерді шешуді білетіндерге өмірде, жұмыста туындаған мәселені сол жағдайда дұрыс шешуде  жеңілдік болатыны анық. Менің ойымша, үздіксіз білім алу, жетілдірілуі – табысты мансаптық жолды қалыптастырудың маңызды тетігі болып табылады.

Бүгінде менің көптеген әріптестерім менің ұсынуым бойынша КАЗГЮУ-де МВА бағдарламасында өз оқуларын бастады. Бұл Казгермұнайдың тұрақтылығы мен басқаруындағы тиімділікті арттыру саласында жоғары нәтижелер береді. Себебі, қазірдің өзінде біз бірдей басқарушылық тілде сөйлесеміз, бірдей қиындықты және  оларды шешу жолдарын көреміз. Бұл оларға жедел түрде тойтарыс беруімізге, біркелкі пікір қалыптастыруымызға мүмкіндік береді. Белгілі бір мәселені барлығы бірдей ұғынғанда қай уақытта, әрі не істеу керек екеніне қатысты сұрақтар туындамайды – ол болса, топтық жұмыстың мықтылығының негізі саналады.  

– Медет Сапиевич, қазірдің өзінде КАЗГЮУ түлегі және тәжірибелі басқарушы ретінде Бизнес мектептегі оқытылатын пәндердің өзектілігі мен тиімділігіне баға бере аласыз ба?  

– Бүгінде КАЗГЮУ әр түрлі бағыттардағы көптеген қызықты бағдарламаларды ұсынуда. Оқытудың ұйымдастырылу деңгейі мен пәндерді тиімді құрылымы аса жоғары. Әрине, жетілдіруге болатын қорлар да жоқ емес. Бизнес мектеп оларды толыққанды пайдаланып отырады. Өзектілікке келсек, бүгінде  көптеген табысты кәсіпкерлер – КАЗГЮУ түлектері екенін мысалға келтірсек те жеткілікті. Біз көптеген ұтымды менеджерлер мен озық бизнесмендер, соның ішінде Қызылорда облысындағы да бизнесмендерді танимыз. Олардың барлығы Бизнес мектепте білім алған. Бұл Бизнес мектептің тыңдаушылары мен түлектеріне табысты қолдана алатын талапқа сай, заманауи білім беретінінінің айғағы болса керек.      

– Медет Сапиевич, өз кәсіби тәжірибеңізден КАЗГЮУ-де білім алғысы келетін, жеке сектор өкілі ретінде немесе мемлекеттік басқарушы ретінде білімін жалғастырып болған қазақстандықтарға іс жүзінде нақты кеңестер бере аласыз ба?  Қойылған басымдықтарға қалай жетуге болады, қандай мақсат пен міндеттер қойылуы керек, кез келген салада жоғары білікті маман ретінде қалай қала беруге болады екен?

– Табыстың белгілі бір сиқыры мен сыры жоқ екенін айтсам, белгілі бір жаңалық аштым деп ойламаймын. Себебі әрқайсымыздың қабілеттеріміз әр түрлі, сүріп жатқан жағдайларымыз да біркелкі емес. Бастысы – өз алдыңа түсінікті, нақты, қолжетерлік мақсаттар қоя білу. Күнделікті өмірде біз қайда бара жатқанымзды, қалай қарай жүріп келе жатқанымызды, әрі ол үшін не істеу керек екенін толыққанды түсіне бермейміз. Ең алдымен, өзіңді түсіну керек – не істегіңіз келеді, әрі ол сізге нақты түрде қажет пе? Корпоративті ортадағы әрекеттер тізбегі мынандай – алдымен мақсат қойылады, стратегия бекітіледі, сосын барып, әрекеттер жасалады. Ол әрекеттер таңдалған стратегия аясында мақсатқа жетуге ықпалдасады. Бұл жеке талпыныстарға да қатысты. Егер өз тәжірибемнен айтсам, мен әрқашан қысқамерзімді және ұзақмерзімді, қарапайым және күрделі, тіпті кейде қолжеткізуге мүмкін емес мақсаттар қоямын. Бірақ іс жүзінде дұрыс әдісті таңдай отырып, ынтамен үлкен ниеттің арқасында кез келген мақсаттарға қол жеткізуге болады.  

Студенттік кезімнен бастық болуды армандайтынмын, әрі оған қысқа мерзімде және аз күш жұмсап, қол жеткізгім келетін. Бұған мен қол жеткіздім деп ойлаймын. 27 жасымда  «Кайнармунайгаз» МГТБ-ның бас инженері қызметіне жеттім. Ол кезде мен ең жас инженер едім. Ал қазіргі кезде мен алдыма басқа жаһандыө көлемдегі, күрделі мақсаттар қоямын. Бірақ ұстанымдар сол қалпы қалды: неменеге ұмтылғаныңызды түсіну керексіз, өз артыңызға қандай із қалдырғыңыз келетінін білу керексіз, мақсаттарға жету үшін қандай әрекеттер керек екенін және қандай қадамдар жасау керек екенін білу керексіз, сосын барып оларды талмай, қажымай жүзеге асыру керек.

Мақсаттардың табысты аяқталуының басты тетігі қоршаған адамдар мен команда болып табылады. Бұл тек қана жоғары білікті және тәртіпті мамандар ғана болмауы керек. Бұл бірдей ойлайтын пікірлестер болуы қажет. Әріпетстер достар болуы керек, мақсаттарды сіз қалай көрсеңіз, олар да солай бірдей көруі керек. Осы жағдайда кез келген жоба табысты жүзеге асады.  

– Сұхбатымызды аяқтай келе, сіз болашақ Бизнес мектептің тыңдаушылары мен КАЗГЮУ-дің студенттері мен түлектеріне не тілер едіңіз?

– Қай заманда болмасын білім, нақтыласақ, жақсы, негізді білім өте жоғары бағаланған. Жоғары білікті маман болсаңыз, сіз өзіңіздің нарықтағы құныңызды арттырасыз, өзіңізді танытуға мүмкіндігіңіз болады. Егер мұны әлдебіреу ұғынуға мүмкіндігі болмаса, кезекті оқу бағдарламасына уақыт жұмсаудың тіпті қажеті жоқ.

Студенттер мен түлектерге не тілеуге болады? Университет беріп жатқан білімді игеріңіздер, өздеріңізге жаңа мүмкіндіктер аша отырып, алған білімдеріңзіді іс жүзінде табысты пайдаланыңыздар. Мысалы, МВА – мықты құрал. Бірақ ол компанияның қорларын іске қоса алатын, қызметкерлердің қуатын мәселелерді шешуге бағыттай алатын, персоналдан алған ақпаратты дұрыс қолдана білетін басқарушының қолында ғана мықты бола алады. МВА-дің беретін дәрежесінің өзі ғана құрылымды тиімді басқаруға аздық етеді. Игерген әдістемені дұрыс қолдана білу керек, өз салаңызға бейімдей алу керек.

Материал «КАЗГЮУ Университеті» АҚ Маркетинг бөлімімен дайындалды
«Өзекті сұхбат» жобасы бойынша тілектеріңіз бен ұсыныстанрыңызды мына мекенжайға жібере алсыздар:
Маркетинг бөлімі:
87172 703030
d_archarova@kazguu.kz

Поделиться с друзьями: