Қабылдау комиссиясында жазда жұмыс жасауды жоспарлайтындарыңыз

Құрметті қызметкерлер мен студенттер!

КАЗГЮУ Университетінің Қабылдау комиссиясында жазда жұмыс жасауды жоспарлайтындарыңыз Жоғары мектептерде (факультеттерде) немесе Маркетинг бөліміне (222 кабинет) өтініштеріңізді берулеріңізге болады.

Өтініштер 2016 жылдың 23 мамырына дейін қабылданады.

Бос орындар:

1. Қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы (Астана қ.)

Негізгі міндеттері:

– университетке оқуға түсушілер мен абитуриенттерге кеңес беру,

– абитуриенттердің құжаттарымен танысу, олардың түпнұсқалығын және «Қабылдау ережелері» талаптарына сәйкестігін анықтау;

– студенттердің жеке істерін университеттің қабылдау комиссиясының мұрағатына даярлап, тапсыру.

2. КАЗГЮУ Университетінің аймақтардағы өкілі

Негізгі міндеттері:

– ҰБТ тапсыру кезінде (2016 жылдың 1-10 маусымы), АКТ кезінде (2016 жылдың 17-23  маусымы) абитуриенттер мен олардың ата-аналары арасында кеңес беру, үгіт-насихат жүргізу жұмыстарын атқару. Жұмыс келесі аймақтарда жүргізіледі: Қостанай, Павлодар, Атырау, Орал, Қызылорда, Өскемен, Тараз, Талдықорған, Петропавл, Семей, Көкшетау, Қарағанды, Жезқазған.  

Поделиться с друзьями: