Батыр рухына тағзым

 

Астана қаласында КАЗГЮУ Университеті студенттері мен әскери кафедра офицерлері Ұлы Отан Соғысының батыры, Мәскеу үшін шайқасқа қатысқан Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Акцияға 6 взвод, шамамен 70 студент қатысты.

Қазақ гуманитарлық заң университеті әскери кафедрасының студенттері жыл сайын Отан қорғаушылар күніне арналған шаралар ұйымдастырып, Отанын қорғағандар мен тәуелсіздік үшін күрескендерді еске алып, бағасын беріп отырады.

«Осы жылы біздің студенттер мен офицерлер митинг өткізіп, аты аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды»,-деді әскери кафедра басшысы, полковник Ибраев Амангелді.

Поделиться с друзьями: