Біз мүлдем жаңа үлгідегі көшбасшыларды даярлаймыз

Әр елдің бәсекеге қабілеттігі, көбінесе, бизнес-білімінің сапасына байланысты, ал экономикалық әлеуетті өсіру жоғары білікті басқарушылық кадрларды даярлаусыз мүмкін емес. Бүгінде Қазақстанда бизнес-білім беру үдерістеріне бастапқы орын берілуде. Бұл өз алдына заманауи, отандық еңбек нарығында талап етілген жаңа үлгідегі мамандарды қажет ететін, ең алдымен, әр түрлі қызмет саласындағы тез дамып жатқан мамандықтармен байланысты. Күні бүгінге дейін осы мәселе өзекті болып отырғаны даусыз. Елдегі бизнес-үдерістерде болып жатқан өзгерістерге тез арада жауап қайтара білуді үйрену туралы, қосымша білім алуда қандай иек артатын өлшемдерге сүйену керек екенін, уақытпен тізе қағысып бірге жүруде және тиімді менеджмент машықтарын кәсіби түрде игеруде не қажет екенін өзінің сұхбатында «КАЗГЮУ Университеті» АҚ Бизнес-мектебінің директоры Жамал Аяпова айтып өтеді.

– Жамал Мадахметовна, біздің сұхбатымызды басты сұрақтан бастайық – неліктен бүгінгі күні бизнес-білім алу соншалықты маңызды болып отыр?

– Көп адамдарға негізгі білім алып, сосын жақсы жұмыс тапқанда болашақ мансаптың жемісті өсуіне сол білімі жеткілікті деп ойлайды. Бірақ ол мүлдем олай емес. Еңбек нарығында талап етілген әрі жоғары білікті маман болып қала беру үшін үнемі жаңа білім алып отыруды қажет ететін салалар өте көп. Жаһандану үдерістеріне жақындаған сайын және халықаралық стандарттардың енгізілуіне байланысты қазақстандық бизнеске үнемі өзгеріп отыру және соларға жауап бере білу қажет. Осыдан келіп бизнес-білім алу қажеттілігі туындайды. Әр түрлі курстар мен халықаралық деңгейдегі оқу бағдарламалары арқылы адамдар бизнесті тиімді жүргізу үшін қажетті білім алады. Абстрактілік білім беретін емес, адамдар өздері жұмыс істеп жүрген белгілі бір саланың және елінің заңнамасының ерекшелігін ескеретін нақты іс жүзіндегі амалдар мен дағдылар ерекше танымал. Осы жағдайды ескере отырып, КАЗГЮУ Бизнес-мектебі үнемі оқыту үдерісін жетілдіріп отырады. Ол тыңдаушылардың құнсыз машықтар мен басқарудың инновациялық тиімді амалдарын жедел түрде игеріп, оны іс жүзінде пайдалана алуына бағытталған.

– Бүгінгі күні Бизнес-мектебі қандай оқу бағдарламаларын өз тыңдаушыларына ұсынады?

–  Төрт – МВА, MBA, Executive MBA, Mini-MBA, DBA. Бұлардың әрқайсысы туралы жеке айтып өтейін. МВА – деген Master of Business Administration. Бұл бағдарламаның мақсаты қазақстандық экономиканың әр түрлі саласы үшін орта және жоғары буындағы басқарушылық кадрларды даярлау болып табылады. Бағдарлама көшбасшылық қасиеттерді және шығармашылық әлеуетті дамытуға, сонымен қатар іс жүзіндегі міндеттерді шешуде қазіргі әдістерді қолдануға, қорларды жасампаз түрде басқаруға, стратегиялық тұрғыдан ойлануға, жылдам өзгерістерге бейім әлемдік еңбек нарығында тиімді басқара білуге бағытталған. МВА бағдарламасының ерекшелігі тыңдаушылар мен оқытушы арасындағы басқарушылық тәжірибемен тікелей бөлісуге ғана бағдарланбаған, ол сол МВА бағдарламасын тыңдаушылар арасындағы да бір-бірімен тәжірибе бөлісуге де бағытталған. Бұл бағдарлама бойынша білім алу тыңдаушының белсенді қатысуын, интерактивті, нақты жағдаят бойынша кейс шешу сабақтарын, іс жүзіндегі мәні бойынша өзектілігі мен болашақ қызмет бабында практикалық енгізуге мүмкін болатын ерекшелігі бар тұсаукесерлерді ұйымдастыруды бағамдайды. Осылайша тыңдаушылар тек өздерінің білдімдерін ғана шыңдап қоймайды, сонымен қатар олардың көбісі өздерінің кәсіпкерлігі мен бизнесін дамыта отырып, болашақта авторлық жобалар мен кейстерін жүзеге асырады.

МВА мамандарын даярлауға үздік шетелдік дәріскерлер тартылған. Бұл – өз саласындағы атақты кәсіби деңгейлі, іс жүзінде бизнесте қызмет етуші, басқарушылық лауазымдағы мамандар, көрнекті ғалымдар мен дамыған елдердің әр саласындағы мемлекет қайраткерлері. Осылайша, біздің тыңдаушыларда жапондық кеңес беру компаниясының басқарушысы, Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігінің жетекші сарапшысы (ЛСА) Тецуо Фукуямамен пікірлесуге мүмкіндігі болған. Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігі – өндіріс пен сапаны басқару, стратегиялық менеджмент мен ІТ-технологиялар саласында маманданған мекеме.  Оқуы тамамдалған кезде тыңдаушыларға мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі. Біз күндізгі-кешкі және модульдік білім алу үлгілерін ұсынамыз. Бағдарлама аясында тыңдаушыларға тегін шетелдік тағылымдамалар да ұсынылатынын айтқым келеді. Қазіргі кезде білім берудегі менеджмент, денсаулық сақтаудағы менеджмент, логистикалық/ туристік менеджмент және басқа да бағдарламалар бойынша оқыту жүргізілуде.

Соңғы бірнеше жылда классикалық full-time МВА бағдарламасына балама ретінде Executive MBA (EMBA) бағдарламасы енгізілуде. Бұл – басқарушылық тәжірибесі бар топ-менеджерлерді оқытуға арналған бағдарлама. Ол жоғары деңгейдегі, бір не екі жылға бизнестерін тоқтатуға мүмкіндігі жоқ топ-менеджерлерді даярлауға бағытталған. EMBA – жұмыс істей жүріп, сапалы бизнес-білім алуға арналған бағдарлама. Негізінде барлық бағдарламалар тыңдаушыларға оқуы мен кәсіби қызметін үйлестіруге бейімделген. Сонымен қатар MBA мен Executive MBA бағдарламалары бойынша – есеп, қаржы, маркетинг пен стратегия сияқты – негізгі басқарушылық мәселелер оқытылады. MBA мен Executive МВА арасындағы ерекшелік МВА бағдарламасының тыңдаушының болашақтағы мансабын өсіруін көздесе, EMBA бағдарламасы – ағымдағы қызметтің көрсеткіштерін жақсартуды көздейді. Ары қарай mini-MBA бағдарламасы менеджмент саласында қайта даярлауға бағытталған. Бұл MBA (Master of Business Administration) дәрежесін алу үшін маңызды баспалдақ санатында саналады.

Mini-MBA курсында білім алу мансаптық жолда өсуді, отандық не шетелдік компанияға жұмысқа тұруды, өз бизнестерін ашу немесе қолында барын дамытып, жетілдіруді көздегендерге өзекті болып табылады. Бұл іс жүзіндегі оқытушы-практиктер мен бизнес-сарапшылардан кеңестер алып, бизнес-шешімдерде түсініктемелер мен бағалау мүмкіндігімен қызығушылық оятатын бағдарлама. Себебі оқу барысында алынған білімді өз жұмысында қолдана білуге мүмкіндік туындайды.

Бағдарлама мақсаты: тыңдаушыларға барлық деңгейдегі менеджерлерге компанияның стратегиялық мақсаттарына жетуі үшін қажетті білім мен машықтарды беру; бизнесті ұйымдастырушылық, қаржылық, маркетингілік шешімдерде біртұтастығын түсіндіру, бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Mini-MBA бағдарламасы қысқа мерзімде бизнес қызметтегі функционалды бағытттар бойынша қомақты білім алуға көмектеседі. Бағдарлама 7 модульден тұрады: корпоративті, қаржылық, стратегиялық, операциялық, халықаралық, инновациялық менеджмент пен бизнестің құқықтық ортасы. Бағдарламаны табысты аяқтаған тыңдаушыға КАЗГЮУ Бизнес-мектебінің сертификаты табысталады. Ол болашақта тапсырылған пәндері ескеріле отырып, МВА бағдарламасына түсуіне мүмкіндік береді. Бағдарлама ұзақтығы: 6-7 ай көлемінде.  

Әрі ең соңғы 4-бағдарлама – ДВА «Іскери әкімгершілік докторы» халықаралық бизнес-білім алуда жоғары және кәсіби деңгейлі бағдарлама болып табылады. Бұл жоғары буындағы бизнесті басқаруда үлкен практикалық тәжірибесі бар, жоғары білімдері ғана емес, МВА немесе  Еxecutve МВА  (ерекшелік ретінде экономика не басқарушылық саласында ғылым кандидаты дәрежесі бар практик-менеджерлер қабылданады) дипломы бар менеджерлерге арналған.  DBA тыңдаушылары – басқарушылық мол тәжірибесі бар, менеджменттің заманауи тұжырымдамалары мен үлгілерін игеріп, дамытуда қызығушылықтары бар жоғары буындағы менеджерлер, сонымен қатар өз тәжірибесін бизнестегі болашақ талапқа сай қолданбалы ілімдер үшін жинақтап, жүйелеуде қызығушылық танытқан менеджерлер болып табылады. DВА бағдарламасының көбінесе ғылым қызметкерлері мен оқытушыларға қызығушылық туғызатын аспирантура мен докторантурадан, магистратура мен PhD-ге қарағанда басты ерекшелігі оның тыңдаушылардың өмірлік және мансаптық басқа мақсаттарға бағдарланғандығында. Нақтыласақ, практикалық қызметте топ-менеджер немес кеңесші ретінде мансабын жалғастырғысы келе отырып, әрі тәжірибесі мен алған білімін ұғына отырып, сипаттауға мүдделілерге арналған. DBA бағдарламасы табысты аяқталғанда және аттестациялық жұмыс не жобасын қорғап болғаннан кейін түлекке іскери әкімгершілік докторы (Doctor of Business Administration) дипломы мен мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі. Бағдарлама миссиясы Қазақстанның инновациялық экономикасын дамытуға, қазақстандық компаниялардың ішкі және сыртқы нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жаңа ұрпақ жетекшілерін қалыптастыруда халықаралық деңгейде танылған «Doctor of Business Administration» бағдарламалары негізінде  жоғары білікті заманауи менеджерлерді даярлау арқылы ықпалдасу болып табылады. Бағдарлама мақсаты –  жаңа бизнес-үлгілер деңгейіне сай, «ертеңгі күнгі» нарықты ашатын немесе компанияларды көшбасшылық салалық шептерге шығаратын бизнес құрылымдарды құрастыру бойынша құралдар мен технологияларды жасауға қабілетті  жетекшілерді даярлау. Жинақтау және іс жүзіндегі тәжірибені жүйелеу негізінде туындайтын бизнес мәселелерді талдау мен шешуге мүмкіндік беретін менеджементтің заманауи тұжырымдамалары мен үлгілерін игерту. Білім алу мерзімі – 3 жыл.  

Біздің мектепте инновациялық идеяларды туындатуға және оның гүлденуіне, әрі барлық тыңдаушылардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға ықпалдасатын қолайлы ауанды сақтау үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Енгізілген әдістердің арқасында біздің Бизнес-мектептің тәжірибелі оқытушыларына өз мансабының дамуын сеніп тапсыратын үміткерлердің саны жыл сайын артуда.  

 

  • Жамал Мадахметовна, КАЗГЮУ қабырғасында жақын арада ғана мектепте білім беру жүйесінде инновациялық менеджментті қалыптастыру бойынша республикалық семинар өтті. Белгілі болғандай, білім беру саласындағы басшылар үшін оқытудың жаңа үлгілері енгізілуде. Бизнес-мектептің осы жобасы туралы айтып өтсеңіз?

 

– Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының жолдауындағы «…білім беру жүйесі бойынша елдің болашағы туралы айтуға болады» деген және «…білім беру жүйесіне қызмет ететіннің барлығы елдің болашағы үшін қызмет етеді» деген  сөздерін назарға ала отырып, КАЗГЮУ Бизнес-мектебі мектеп және колледж директорларына арналған жеке EMBA бағдарламасын бастап жіберді. Оның мақсаты орта білім беру саласында қажетті көшбасшылық, басқарушылық қабілеттерді дамытуға арналған сапалы білімды ұсыну болып табылады. Сонымен қатар бағдарлама аясында сапарға шығатын тағылымдама да ескерілген. Өткен семинарда жетекші сарапшылар мектеп білім беру ісіндегі өзекті мәселелерді талқылап, республиканың мектептері мен лицейлеріндегі оқу үдерістерін жетілдіруге қатысты тәжіриберелерімен бөлісті. Мектеп директорларымен кездесуді осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырудамыз. Іс жүзінде көбінесе мектеп мекемелерінің басшылары басқарушы, шаруашылықпен айналысатын адам ретінде көрініс табады. Бірақ уақыт өте келе көшбасшылық, кадрларды басқару, өзгерістерді игеру сияқты қабілеттерді дамыту қажеттілігі туындайды. Қазіргі кезде оларға жаңа әдіс түрлерін үйретіп, оларды енгізуге машықтандырудамыз.

– Жамал Мадахметовна, КАЗГЮУ-дің, нақтыласақ, Бизнес-мектептің негізгі бағыттарының бірі ретінде шетелдік әріптестермен халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Сіздің осы жұмыс бағыттарыңыз туралы айтып өтсеңіз?

– Иә, 2011жылдан бастап, Бизнес-мектеп CEEMAN Орталық және Шығыс Еуропаның менеджментін дамыту Ассоциациясының толық мүшесі болды. Бұл халықаралық ассоциация Еуропадағы менеджментті дамыту мақсатында 1993 жылы құрылған. Қазіргі кезде Орталық және Шығыс Еуропалық елдерден басқа да аймақтардың өкілдері ассоциацияға мүше болып табылады. CEEMAN-ға мүше болу біз үшін жоғары білім беру саласындағы мәселелер мен оларды тиімді шешу жолдарын қарастыруда қосымша кәсіби ақпараттық  аймақ саналады.

 

Ассоциацияға мүшелік бізге халықаралық бизнес-мектептер жүйесінде тұғыр ретінде қызмет етуге мүмкіндік береді. Бұл өз алдына болашақта әлемдік деңгейдегі жетекші бизнес-мектептермен серіктестік ынтымақтастықты дамытуға, оқытудағы тәжірибемен, персоналды басқарудағы бағдарламалар, инновациямен және оқыту бағдаламаларымен бөлісуді қамтиды.

Одан өзге 2014 жылдың сәуірінен біз Орталық Азиядағы UBIS Швейцар университетінің жеке өкілі болып табыламыз. Ол университетпен біз ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғанбыз. Екі жылдан бері Университеттер іскери қатынастарды қолдап, дамытуда, нәтижесінде қос дипломды жұмыс бірінші түлеп шықты. Өзара серіктестік аясында UBIS Дүниежүзілік Сауда Ұйымы Бас пәтері мен Халықаралық еңбекті ұйымдастыру ұйымынан бізге «ДСҰ дамуы жағдайындағы менеджмент» бағытында біліктілікті арттыру курстарын өту үшін мамандарды ұсынып отырады. Бизнес-мектептегі оқу үдерісінде Женева мен Лондонда шетелдік тағылымдамадан өту мүмкіндігі де маңызды болып табылады. Тағылымдама бағдарламасының қаржысы толықтай ЖОО-ның мойнында. Ол көбіне тренингілер, тұсаукесерлер, сонымен қатар ірі швейцарлық ұйымдар мен компанияларға саяхат жасаудан тұрады. Осы жылдың ақпанында тағңылымдамаға қатысушылар Дүниежүзілік Сауда Ұйымының штаб-пәтеріне барып, қайтты, онда оларға арнайы Қазақстанның ДСҰ-ға кіріуіне қатысты тұсаукесер көрсетілді.

Сіздіңше, КАЗГЮУ Бизнес-мектебінің даму жылдарында жоғары білікті мамандарды оқытып, даярлау жүйесі мен әдістемесінің бірегейлігі  неде?

Сөзсіз, ең басты, тыңдаушылар біздің мектепті таңдағанда бағдарлайтын талабы – сапалы және қолжетімді білім, ал оны беруге біз кепілдік береміз. Мектептің МВА мен DBA бағдарламалары бойынша мемлекеттік лицензиялары бар. Тағы бір ерекшелік біздің тыңдаушыларымыз бірден екі диплом ала алады, оның бірі – еуропалық үлгідегі диплом. Біз әр тыңдаушыға жеке ыңғаймен қараймыз, сонымен қатар оқу кестесі мен түрі ыңғайлы болып табылады. Сосын мектеп ішіндегі ыңғайлы ахуал да маңызды. Ол ахуалды жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрам мен оқытудың жеке әдістемесі қалыптастырады. Отандық спикерлер туралы айтсақ, олардың қатарында – Самат Панов, «Marketing Partners» ЖШС білім беру компаниясының құрылтайшысы, директоры, іскери әкімгешілік магистрі, Динара Урастаева, «ДБ RBS» АҚ (Қазақстан) вице-президенті, экономика ғылымдарының кандидаты, т.б.  бар. Шетелдік дәріскерлер қатарында Набель Верхты, Ұлыбританиядағы Королева Мария Университетінің өкілін, Леон Эрстадты, «Leon&Riemer» американдық заңгерлік компанияның директорын, доктор Ян Куиманды, Лейден Университеті мен Вебстер Университетінің профессорын, Амстердам Университеті экономика және бизнес саласындағы магистрін, Ахмад Фейсалды, Кембридж университетінің DBА докторы, философия профессорын, Александр Пультэні Бизнес және халықаралық зерттеулер университетінің (UBIS) Азия деканын атауға болады.

Іс жүзінде көрсеткендей, көбінесе бизнестің табысты болуы көшбасшының ойлау қабілетінің нақтылығына, нарықты қаншалықты болжай алатындығына ғана байланысты емес, сонымен қатар өз қызметкерлерінің қабілеттерін, клиенттердің әрекеттерін және басқаларды да болжай білетіндігіне де байланысты. Біздің басты мақсатымыз тап осында жатыр. Кәсіпкерлер мен басқарушыларды нақтылай ойлауға үйрету. Нәтижесі мен түлектеріміздің жүзеге асырылып жатқан жобалары көрсетіп отырғандай біз сол мақсатымызға жете алдық. Осылайша, мен біздің түлегіміз Гульмира Шажанбаеваны мысалға келтіргім келеді. Қазіргі кезде ол табысты әйел, мектеп мақтанышы. Ол «Самғау консалтинг» заңгелік компаниясының басқарушы серіктесі болып табылады. Одан өзге Гульмира өз жобасы «The Sultans»  мейрамханасын ашудың авторы болып табылады. Жоба мейрамханалық бизнесті басқару бойынша Гульмирамен «The Sultans Маркетингілік басқару пәні бойынша қорытынды емтиханда таныстырылған болатын. Осылайша, КАЗГЮУ Бизнес-мектебінде алынған білімді басқарудағы білім мен құралдар, стратегияны әзірлеудегі тиімді машықтар мен менеджмент саласындағы басқа да амалдар түлегімізге өзінің бизнес мансабы жолын тиімді құрастыруға көмектесті.  

Тағы бір қосып өтейін дегенім, мектепте кәсіби даярлық үшін барлық жағдайларға қоса, тұлғаның үйлесімділікте дамуына да барлық жағдайлар жасалған. Бүгінде біздің түлектеріміз көптеген көшбасшылық лауазымдарда қызмет етуде. Ол тек Қазақстанда ғана емес, басқа да алыс-жақын шетелге қатысты.  Себебі олар еңбек нарығында талапқа сай, талап етілген болып табылады. Статистика көрсетіп отырғандай, жыл сайын біздің тыңдаушыларымыздың мансаптық жолда ілгерілеп, дамып жатқанын байқаймыз. Сәйкесінше, айлық көрсеткіш ретіндегі қаржылық тұрақтылық пен бонустар сияқты мәселелерді қамтылуда. Егер бұл көрсеткішті ұлттық және халықаралық көрсеткіштер аумағында қарастырсақ, КАЗГЮУ түлектері көбінесе, ірі компаниялардың басқарушы орындардың өкілдері екенін байқау қиын емес. Ол компаниялар: «РД «Қазмұнайгаз» АҚ», «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ, «ҚазАгроФинанс» АҚ, «Астанателеком» МТО, «ҚТЖ» ҰК АҚ және т.б.

КАЗГЮУ Бизнес-мектебі бүгінде отандық және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, мүлдем жаңа үлгідегі көшбасшыларды даярлайтынын сеніммен айта аламын.

Динара АРХАРОВА

Материал «КАЗГЮУ Университеті» АҚ Маркетинг бөлімімен дайындалды
«Өзекті сұхбат» жобасы бойынша тілектеріңіз бен ұсыныстанрыңызды мына мекенжайға жібере алсыздар:
Маркетинг бөлімі:
87172 703030
d_archarova@kazguu.kz

Поделиться с друзьями: