Ресей Федерациясы Президентінің кеңесшісі В.Ф.Яковлев бастаған ресей делегациясы Астанаға ресми сапар аясында КАЗГЮУ Университетіне келіп кетті

 

2016 жылдың 21 маусымында Ресей Федерациясы Президентінің кеңесшісі В.Ф.Яковлев бастаған ресей делегациясы Астанаға ресми сапар аясында КАЗГЮУ Университетіне келіп кетті. Делегация құрамында – РФ Әділет министрлігінің, РФ Тергеу комитетінің атақты өкілдері, Жоғары Сотының судьялары мен Заңгерлер ассоциациясының өкілдері бар.

КАЗГЮУ-ге сапар жасау мақсаты қазақстандық құқықтық жоғары білім жүйесімен танысу және қазақстандық құқық саласында танымал ғалымдармен пікірлесу болды.

Кездесуде ҚР мен РФ соттары қызметіне қатысты, қазақстандық және ресейлік заңнамалардағы өзгеірстер мен толықтыруларға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу аяғында екі жақ құқықтану саласында болашақта өзара ынтымақтастықты дамытуға қатысты ниеттерін білдірді.

Поделиться с друзьями: