HR менеджментті жүзеге асырудың инновациялық түрлері

1 шілдеде 15.00-де Астанада КАЗГЮУ Университетінде ҚР Еңбек заңнамасын соңғы өзгерістерді ескере отырып, іс жүзінде жүзеге асыруға арналған кеңейтілген республикалық семинар өтеді. HR менеджмент саласындағы тәжірибелі сарапшылар мамандар бір ортаға жиналып, елдің кадрлық әлеуетінің болашақ дамуын талқылап, отандық кадрлық саясаттың өзекті мәселелерін шешуде ортақ әзірлеме даярлайды.

Шараға қатысуын 35 қазақстандыұ жұмыс беруші-компаниялар мен ұлттық мекемелердің өкілдері растап отыр. Олардың қатарында – «Казконтент» АҚ,  «Қазақстан инжинирингі» АҚ, «ҚазМұнайгаз» ҰК» АҚ, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Мемлекеттік кірістер департаменті, ҚР Жоғарғы соты, Астана қ. Алматы аудандық соты, «Казмедия орталығы» басқарушы компаниясы, «Қазагрофинанс» АҚ, «Қазпочта» АҚ, бірқатар екінші дәрежелі банктер.

Семинарға қатысушылардың алдында спикер ретінде шақырылған қонақтар: ҚР атақты қоғам қайраткері, Рима La  Sapienza Университеті МВА магистрі Саясат Нурбек шетелдік компания мысалында персоналды басқару әдістемесімен бөліседі, ҚР-дағы қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау диссертациясының авторы Бибигуль Нурашева «Еңбек Кодекісінің новеллалары, ҚР Еңбек кодексінің өзекті өзгерістері» тақырыбында пікір айтады; медиация мен халықаралық қатынастар саласындағы сарапшы, «HILL Management Kazakhstan» компаниялар тобының аға серіктесі, HILL Management Hong Kong, South China», HILL Management Baltics» Нина Гратчева «HR-дің инновациялық құралдары» тақырыбында сөз қозғайды.

Поделиться с друзьями: