КАЗГЮУ – жаңа өмір үшін стартап

Тәуелсіздікті  мойындағананнан бастап, қазіргі уақытқа дейін Қазақстан мен Оңтүстік Корея қарым-қатынастарында білім беру саласында ынтымақтастық әлеуеті күннен күнге арта түсуде.  Екі ел арасындағы өзара ықпалдасудың ең көп тараған түрі – академиялық ұтқырлық пен қос диплом бағдарламасы аясында студенттерді оқыту. Дәп осыдан Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның ЖООлары арасындағы байланыс бастауын алады. КАЗГЮУ Экономика жоғары мектебі Таңғы балғындық елдеріндегі әріптестерімен белсенді серіктестік қатынастарды 2015 жылдан бастап бір ретке келтірді. Ол кезде бизнес саласындағы қос диплом бағдарламасы Халықаралық Солбридж бизнес мектебімен бірлесе отырып, басталған-ды.

SolBridge International School of Business Корея түбегіндегі Сеулдан бір сағаттың қашықтықта орналасқан Daejeon қаласында орналасқан. Қала корей «Силиконды алқабы» – ғылыми зерттеулер орталығы және жоғары технологиялардың даму орталығы және 5000 жылдық тарихы бар қала ретінде танымал. КАЗГЮУ студенттері өз отандары мен шетелде білім ала жүріп бірден екі бакалавр дәрежесін алуына мүмкіндіктері бар. Ол – экономика мен бизнес және бизнес-әкімгершілік. Ынтымақтастық түрі жеңілдетілген – бірінгші екі жылда КАЗГЮУ студенттері өздерінің отандық білім ордаларында білім алады, ал соңғы екі жылы Солбридж университетінде оқиды. Әрі оңтүстік корея ЖООсы КАЗГЮУ-де оқыған 2 жылын, ал КАЗГЮУ – Солбридж білімін мойындайды. Университетте білім алу ағылшын тілінде жүргізіледі, оған қосымша ретінде 3 шығыс тілдері – жапон, корей, қытай тілдерінің бірін оқиды.

«Маған академиялық ұтқырлық бағдарламасына бірінші қатысушылардың бірі болу және Солбридж халықаралық мектебінде білім алу бірегей мүмкіндігі ұсынылды. 1 семестрде мен ағылшын тілінде 6 пәнді оқыдым. SolBridge International School of Business бизнес-көшбасшыларды даярлау, жетекші компанияларға тағылымдамаға жіберу, американдық білім беру жүйесін, басқа да кәсіби жағынан өсуге қатысты бағыттарды ұсынады. Бұл заманауи ғимарат high-tech жиһаздарымен жабдықталған. Мұнда әлемнің барлық елдерінен келген студенттер білім алуда, АҚШ, Англия, Канада, Қытай, Оңтүстік Африка, Австралия, Үндістан, Жапония сияқты елдердің жетекші университеттерінің жоғары кәсіби деңгейлі оқытушылары сабақ беруде»,-деп өз әсерімен бөлісті КАЗГЮУ Экономика жоғары мектебінің студенті Казыбек Орынханов.

Қазіргі кезде ол Солбриджде оқуын жалғастыруда, бірақ қос диплом бағдарламасы аясында. Өз таңдауын болашақ қаржыгер ең алдымен, Солбридж ол үшін әлемдік экономика жүйесінде пайдалы тәжірибе мен таңдаған мамандығы бойынша қажетті білім ала алатын қайнар бұлақ болатындығымен түсіндіреді.

Іс жүзінде бұл қалай болады екен?

– Бүгінгі күні Солбридж әлемнің алдыңғы қатарлы технологиялық компанияларында студенттердің тағылымдамадан өтуін ұйымдастырады. Мұнда экономика және қаржы сияқты ең қарқынды дамып жатқан салаларда әрқилы зерттеулер жүргізіледі. Міндетті және таңдау бойынша пәндер мен мамандық бойынша пәндердің бағдарламалары енгізілген. Маған ең ұнаған пәндердің бірі – стартаптарды бастау «Launching start-up business». Бұл – бизнес-инкубатор, мұнда бір топ адамдар жаңа ойлардың туындауы мен оларды іс жүзінде жүзеге асыруға қатысты еңбектенеді. Сонымен бірге студенттер үшін әр түрлі сапарлық турлар ұйымдастырылады. Мұнда олар өз бизнес-идеяларын таныстырады. «Asian case study», «Asian case work shop» сияқты пәндер бар, бұлар әр түрлі кейстерді шешуге бағытталған. Ортақ сабақтарда әрқилы жарыстар орын алады. Ал жеңімпаздарға басқа елдерге бару мүмкіндігі және басқа деңгейдегі кейстерді шешуга қатысты жұмыс істеу мен басқа деңгейге өту мүмкіндігі беріледі. Менің жақындағы академиялық семестрдегі міндетім – аталған пәндерден өз кейсімді әзірлеп, жеңіске жету және Филиппин, Қытай немесе Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне саяхатқа бару болып табылады.

Казыбек, Сіздің жаңа жағдайға бейімделуіңіз қалай өтті, әрі Сіз танымайтын ортада қалай өзіңізді үйренісіп кеттіңіз?

– Ең басында оқуға қабылданушылар үшін бағдарлы апта ұйымдастырылды, университетпен таныстыру жүргізілді, құжаттар толтырдық, қала бойынша саяхаттар өткізілді. Бізді топтарға бөлді. Әр топта куратор ретінде жоғары курстың студенттері тағайындалды. Жатақхана алыс болғанына қарамастан, жайлы, бірақ университет автобус ұсынатын. Пәндерге қатысты тіркеу жүргізген кезде әрқайсымыз ID мен арнайы сайтқа кіруге қатысты құпиясөз алдық. Outlook сияқты біркелкі хабарлама алу жүйесі әзірленген. Онда оқу бағдарламасына қатысты барлық ақпарат бар. Сонымен бірге студенттердің пәндерінің барлық курсы бар Moodlex жүйесі қолданылады (дәрістер, таныстырулар, видеолар, үй жұмысы, т.б.). Студенттік өмір – шараларға толы және өте қызықты екенін айтқым келеді. Университеттің қолдауы, сөзсіз, ең үлкен көмек болды. Біз үшін жеңілдіктері бар киноға, ойын-сауық орталықтарына, тарихи орындарға, басқа қалаларға бару сияқты шаралар ұйымдастырылатын. Мысалы, Солтүстік Кореямен шекараға бару сапары ең төменгі бағамен ұйымдастырылды. Мұндай сапарларда, әдетте, адамдар жақындасады және жаңа достар табады. Менің бұл шаралардан өте көп жағымды эмоциялар мен естеліктерім бар. Маған ол жақ қатты ұнады. Университет – бұл үлкен отбасы, мұнда бәрі бір-бірін біледі. Халықаралық, көпұлтты ЖОО, себебі мұнда әр түрлі елдердің студенттері білім алады. Бұл Networking-ті дамыту мүмкіндігін береді, даму мен бизнес-жоспарларыңды жүзеге асыруға қатысты тәжірибе алмасып, ойларыңмен бөлісуге, алуан қорытындылар жасап, белгілі бір нәрсені анықтауға көмектеседі. Бізге ең үздік оқытушылар сабақ берді.

– Сіз шетелде білім алғысы келетін қазақстандық студенттерге қандай ақыл –кеңес айтар едіңіз?  

– Ештеңеден қорықпай, тек алға басуға кеңес берер едім, өзін жаңа ыңғайларда байқап, әлемнің түкпірлеріндегі жаңа қызықты адамдармен танысып, пайдалы іскери және жеке байланыстарды орнату керек, академиялық әр түрлі бағдарламаларды сезініп, өзге тілдерді игеру керек, дүниетанымды өзгертіп, бейімделе білу керек деп едім. Болашақта халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті маман болуға қатысты кез келген мүмкіндікті бағындыру қажет. Тағы бір маңызды мәселе – шетелде білім алу қажетті тәжірибені ала отырып, оны өз Отаныңда, Қазақстанда енгізуге мүмкіндік береді.

– Оқуды аяқтағаннан кейін алға қойған жоспарларыңыз қандай?

– Мен өз өмірімді таңдаған мамандануым – қаржылықпен байланыстырғым келеді. Қаржы министрлігінде жұмыс істеуді жоспарлаудамын. Сонымен қатар, КАЗГЮУ-де оқу кезінде Экономика жоғары мектебіндегі Көшбасшылықты дамыту бағдарламасына қатысудың арқасында мен өз бойымнан көшбасшылық қабілеттерді аша алдым. Ол қабілеттер Солбриджде оқып жүрген кезде шыңдала түсті. Одан өзге менің әлемді көріп, саяхаттау ниетім туындады. Мүмкін болашақта мен тағы бір мамандықты игеріп, мысалы ең аз дегенде кәсіби деңгейде дипломат болып, осы екі мамандықты қатар алып жүре алатын шығармын.

Сіздің алға қойған мақсаттарыңыздың табысты орындалуына тілектеспіз!

– Рақмет!

Казыбектің жеке мұрағатындағы қаз-корей қос дипломы мен серіктес ЖООның суреті.

Материал «КАЗГЮУ Университеті» АҚ Маркетинг бөлімімен даярланған

«Сарапшы пікірі» жобасы аясында пікірлер, түсініктемелер мен ұсыныстарды мына мекенжайға жібере аласыз:

Маркетинг бөлімі:

Динара АРХАРОВА

+7 (7172) 70-28-38

d_aharova@mail.ru

Поделиться с друзьями: