КАЗГЮУ және халықаралық ынтымақтастық

КАЗГЮУ қызметінің басымдық беретін бағыттарының бірі – халықаралық ынтымақтастық. Университет шетелдік әріптестермен серіктестікті қазіргі кездегі білім беру бағдарламаларында да, болашақтағы жұмыстар үшін де нығайтуда. «Сарапшы пікірі» айдарындағы сұхбатында «КАЗГЮУ Университеті» АҚ Жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық байланыстар институтының директоры Фаизова Рената еуропалық білім беру үлгісінің университеттік бағдарламалармен бірлесу үрдістерін, қос диплом бағдарламасына қатысты, академиялық ұтқырлық пен басқа оқу мүмкіндіктеріне қатысты мәліметтермен ақпараттандырады.

– Рената Сергеевна, қазіргі кезде КАЗГЮУ қандай шетелідк серіктестермен бірлесіп қызмет етуде?

Бүгінгі күні біз 70-тен астам серіктестермен ұзақмерзімді іскери қатынастарды орнаттық. Бірлесіп қызмет ету түрлері әралуан. Олардың қатарында білім беру бағдарламаларының көпұлттылығы, академиялық ұтқырлық, КАЗГЮУ-ге шетелдік студенттерді тарту, біздің студенттердің шетелде білім алуы, қос диплом бағдарламалары сияқты салалар қамтылған. Негізгі серіктес ретінде Оңтүстік Корея мен Жапонияның жетекші ЖООлары болып табылады. Одан өзге стратегиялық серіктестер қатарында АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Италия, Польша сияқты елдер бар.

-Осы бағыттарға жеке-жеке тоқтала аласыз ба?

– Ұлыритания ЖООларымен біз академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында қарым-қатынастамыз. Қазіргі кезде ағылшын әріптестерімізбен қос диплом бағдарламасын әзірлеудеміз. Академиялық ұтқырлық бойынша жыл сайын 40-50 біздің студентіміз 10-нан астам шетелге білім алуға жіберіледі.  

Қысқа мерзімде болашақта біз КАЗЮУ академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша серіктес ЖООлардан бізге 50 студенттен келіп, білім алуын жоспарлауды мақсат етіп отырмыз. Сапалы білімді қамтамасыз ете отырып, біз сонымен қатар шетелдік оқытушыларды да тарту жолында қызмет етіп жатырмыз.

Пәнаралық бағыт бойынша финдік білім беру үлгісін де қосып алу мәселесі шешілуде. Ол бүгінгі күні Еуропада үлкен сұранысқа ие үлгі болып табылады. Біз аталмыш тәжірибені отандық білім беру жүйесіне енгізбекпіз. Әрі КАЗГЮУ осы бағытты қатты дамытуға ниетті екенін айту керек. Финдік үлгі студенттердің кеңбейінді бағдарламалары аясында білім алуын көздейді. Мысалы, корпоративті басқару саласында міндеттерді шешу қажет болса, корпоративті құқық пен корпоративті қаржы да қатар алып, қарастырылады.

Доктарантурадағы қос диплом бағдарламасы аясында кадрларды даярлау қалай жүргізілуде?

– КАЗГЮУ-де бакалавриат аясында қос диплом бағдарламасын жүзеге асыру жалғастырылуда. Экономика жоғары мектебінің студенттеріне SolBridge International School of Business (Оңтүстік Корея) 2-дипломын алу бірегей мүмкіндігі ұсынылады. Құқық жоғары мектебінде де қос диплом бағдарламасы қызмет етеді.  Ал магистратура бағдарламаларына келсек, мұнда әр түрлі үлгілер енгізілген. Атап айтқанда, 4 жыл бойына қос диплом бағдарламалары қызмет етеді. Құқықтану саласында – Ресей адвакатура мен нотариат академиясымен бірге, халықаралық құқық бойынша – Франция мен Швейцариямен бірге бағдарлама қызмет етуде. Осыған ұқсас келісім Германиямен де жасалуда. Келесі оқу жылынан бастап, ЭЖМ Флорида Университетімен бірге қос диплом бағдарламасын жүзеге асыруда бастайды. Бұл бағдарлама менеджмент және туризм саласында мамандарды даярлауға бағытталады. Қазіргі кезде қос диплом бағдарламасы аясында магистратурада 7 түлек даярланған.

Доктарантура бойынша Италиядағы Болон университетімен бірге қос диплом бағдарламасы басталып жатыр. 4 жыл бойына біз Болон университетімен PhD докторларды даярлауда тығыз қарым-қатынастамыз. Аталмыш ЖООның профессорлары біздің докторанттарға шетелдік кеңесші ретінде қызмет көрсетеді. Осылайша, бірлескен әрекеттердің арқасында 5 түлек даярланған. Доктарантураның қазіргі кездегі әрекет етуші бағдарламасы аясында жыл сайын 3 жылдық кезең аясында бір семестрді докторант біздің ЖООмызда оқып, авторлық зерттеулер жүргізеді және бір семестр Италияда солай білім алады. Бұл бағдарлама Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы жалғасын тауып келе жатқан серіктестік аясында әзірленген болатын.

Біздің оқу бағдарламаларымыз толықтау практикаға бағдарланған сипатта екенін атап өткім келеді. Шешімдер, кейстер, жобаларды әзірлеу, диссертацияны жазу және олардың тақырыптары магистранттардың кәсіби қызметімен тығыз байланысты. Осылайша, олар алған білімдерін іс жүзінде нақты пайдалануларына мүмкіндіктері болады.

Рената Сергеевна, түлектердің сұранысқа ие екені қандай өлшемдермен бағаланады?

– Біз КАЗГЮУ түлектерінің  мансаптық өсу жолының талдауын үнемі жасап отырамыз. Оның нәтижелері келесі мәселелерді дәлелдейді. Мысалы, экономика магистрі дәрежесін алғаннан кейін жарты ішінде 80% түлектер («Экономика және қаржы») мансаптық жолда жоғары лауазымдарға қол жеткізеді. Жастарға мемлекеттік те, жекеменшік те компаниялардан жетекші орындар ұсынылады, бірінші басқару лауазымдары сеніп тапсырылады. Бұл біздің бағдарламалардың сұранысқа ие екендігінің нақты көрсеткіші деп білу керек. Бізге жұмыс беруші компаниялардан да өтініштер келіп түсіп жататын жағдайлар болып тұрады. Олар біздің ЖОО даярлаған мамандарды іздейді. Бірақ біз оларға көмектесе алмаймыз. Себебі біздің түлектеріміздің барлығы жұмыспен қамтылып қойған. Біз өз бағдапрламаларымыздың шетелдік бағдарламалармен бірлесуіне қатты мән береміз. Бұл сапалы білім беруге септесе отырып, Еуропа, АҚШ және т.б. әлемнің түкпірлерінен бізге студенттерді тартуға ықпалдасады.

– Институттың мамандарды тиімді даярлауды қамтамасыз ететін негізгі құрамдас бөліктерін айтып өтсеңіз?

– Сөзсіз, бұл белгілі бір салада қызмет атқаратын тәжірибелі және жоғары білікті оқытушылар, мамандарды  тарту. Магистранттар мен докторанттар үшін курстарды шетелдік тәжірибесі бар, әр түрлі салалардағы өз жобаларының авторлары болып келетін жетекші топ-менеджерлер мен практиктер жүргізеді. Біздің оқытушылардың көпшілігі ЖООның әлеуметтік миссиясының жүзеге асырылуына қатысты толықтай жауапкершілікті ұғынады және қазақстандықтардың келесі буынына білім беру маңыздылығын жете түсінеді. Себебі олар шындығында да жастарды тәрбиелеуге өз үлестерін қосып, ел тарихында өз іздерін қалдырғысы келеді. Мұндай шоғырға мен өте белсенді, мақсатты адамдар саналатын, әрі жастармен өздерінің тәжірибесін шын жүректен бөлісуге даяр халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлектерін жатқызамын.

Одан өзге біз шетелдік дәріскерлерді шақыртып, өз студенттерімізге шетелдік және қазақстандық тәжірибені біріктіруіне мүмкіндік береміз. Шақырылған қонақтардың қатарында –  шетелдік компаниялар, құқықтықғ консалтингілік, аудиторлық фирмалардың басқарушы серіктестерінің өкілдері бар. Бүгінгі күні оларды біз тек дәріс оқуға ғана емес, сонымен бірге біздің түлектерімізге кәсіби болашағы үшін қажетті және қызықты болатын бірлескен бағдарламалар мен оқылатын дәріс тақырыптарын әзірлеудеміз.  

Нақтылап айтсақ, соңғы кезеңдегі құрметті қонақтар ретінде Еуропалық одақ, Германия, АҚШ, Франция, Палестина, Венгрия елшілерін, Иранның Сыртқы істер министрі мен басқа елдердің өкілдерін атауға болады.

Материал подготовлен Отделом маркетинга АО «Университет КАЗГЮУ»
Отзывы, комментарии и предложения в рамках проекта «Актуальное интервью» можно направлять по адресу:
Отдел маркетинга:
Динара АРХАРОВА
8 (7172) 70-30-30;
d_archarova@kazguu.kz

Поделиться с друзьями: