Македония Республикасының Қазақстандағы Елшісі КАЗГЮУ студенттерімен кездесті

2016 жылдың 7 қыркүйегінде КАЗГЮУ-дың Академиялық дипломатиялық клубы аясында Македония Республикасының Қазақстандағы Елшісі Илья Псалтиров мырзаның қатысуымен, Македония Республикасының СІМ Еуропалық емес мемлекеттер бойынша директоратының басшысы Ненада Колева мырзаның дәрісі өтті. Қонақ “Қазақстан және Македония – тәуелсіздіктің 25 жылы және жаңа Жібек жолының жаңа экономикалық болашағы” тақырыбы жайында сөз сөйледі.

Дәрістің соңында “Синтезис” македониялық этно-тобы өнерін көрсетті, ал қонақтардың «Makedonsko devojche» әнін бірге орындауы КАЗГЮУ студенттеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

 

Поделиться с друзьями: