Қазақстанда HR-менеджментін дамыту – өзгерістер уақыты келді

Қазіргі таңда отандық компаниялар адами капиталын дамытуға көп назар аударуда. Кадрлық қызметтерге Қазақстанда персоналды басқару саласындағы заманауи беталыстармен айқындалған жаңа талаптар шығарылуда. Сарапшылар тиімді маркетингтік стратегияны әзірлеу, өнімді алға жылжытудың неше түрлі технологияларын қолдану секілді бизнесті табысты жүргізудің түйінді факторларының арасында HR-менеджерлерінің білікті қызметінің бар екендігін белгілейді. Сұрақтарымызға сертификатталған коуч, «КАЗГЮУ Университеті» АҚ бизнес-жаттықтырушысы Айдар Абраев жауап береді.

– Айдар, әңгіменің басында өзіңіздің кәсіби дамуыңыз бен кәсіпті таңдау туралы айтып бере аласыз ба?

– Менің білім алу және кәсіби даму жолым үнемі КАЗГЮУ Университетімен байланысты деп айтуға болады. Бұл менің альма-матер, осында мен бакалавриат бағдарламасы аясында оқуымды бітірдім. Одан кейін – Ноттингем университетіндегі магистратура, оны тәмәмдағаннан кейін мен КАЗГЮУ-ға қайтып келдім, бірақ енді бизнес-жаттықтырушысы ретінде. Бүгінде мен Британия кеңесінің сертификатталған жаттықтырушысымын, бірқатар отандық компаниялардың топ-менеджерлерін үйретудемін, сондай-ақ үкіметтік емес, коммерциялық емес секторда жұмыс тәжірибем бар, Сингапурда, АҚШ-та, Англияда тағылымдамалардан өттім.

– Тыңдаушылардың біліктілігін арттыру процесіне HR-менеджмент бағдарламасы секілді жаңа бағытты енгізу идеясы қалай пайда болды?

– Университетте мен өз қызметімді оқытушыларды кәсіби дамыту және біліктілігін арттыру жобасын жүзеге асырудан бастадым. Бірнеше курстарды табысты өткізгеннен кейін, жобам Бизнес-мектебі басшылығының қызығушылығын тудырды. Мен көп жерде болып, шетелде әлемдік деңгейдегі университеттерде оқып, Қазақстанда адами капиталын дамыту қажет екенін түсіндім. HR-менеджмент секілді бағытты дамыту идеясы жоғары білім саласында көрініс тапты, маған сонда оны жүзеге асыру үшін қолдау көрсетілді. Бизнес-мектебінің директоры Жамал Мадахметқызымен бірге біз  HR-менеджменті бағдарламасының тұжырымдамасын әзірледік.

– Қазақстанда HR-мамандар әдетте кәсіби қызметте қандай кедергілерге тап болады?

– Қазіргі кезде көптеген отандық компаниялар корпоративтік басқаруға өтіп, дүниежүзілік тәжірибе негізінде персоналды басқару стандарттарын игеруде. HR-менеджерлер тап болатын негізгі мәселе – кәсіби қызметте стандарттардың болмауы. Осы жерде Мичиган университеті бизнес-мектебінің профессоры Дейв Ульрихтің «HR-менеджер бизнесмен секілді ойланып үйренуге тиіс. Бұл дегеніміз HR-маман қаржыны да, стратегияны да, маркетингті де толық меңгеруі тиіс. Сонда ғана ол инвесторлар мен клиенттерді, ал басшылық өз кезегінде оны жақсы түсінетін болады. Тек содан кейін ғана HR-тәжірибе басталады» деген сөздерін келтіруге болады.

– Айдар, менеджмент саласындағы тәжірибелі сарапшы ретінде Бизнес-мектебінің HR-менеджментін дамыту бағдарламасы Қазақстанда қаншалықты өзекті әрі қалай етіледі және оның ең басты айырмашылықтары қандай деп ойлайсыз?

– Менің ойымша, осы бағдарламаны қабылдау уақтылы шара. Ол икемді құрылған, яғни жұмыстан қалмай, оқу мүмкіндігі бар. Толыққанды МВА толық оқу курсынан өткісі келетіндерге арналған. Ал HR-менеджерлер, кеңес берушілер, бірінші басшыларға арнап жекелеген сертификатталған қысқа мерзімді бағдарлама әзірленді, ол тәжірибеге көбірек бағытталған. Жаңа жоба  HR-менеджментінің алуан түрлі салаларында кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған. Жоғары білікті отандық және шетелдік сарапшылар стратегиялық менеджмент негіздерін, адами ресурстарды басқаруды, маркетингті, бизнес-зерттеулерді талдауды, бренд-менеджментін және бүгінгі күні өзекті HR саласының басқа да бағыттарын үйретеді.  

Динара АРХАРОВА

Маркетинг бөлімі

«КАЗГЮУ Университеті» АҚ
8 (7172) 70-30-30
d_arharova@kazguu.kz

Поделиться с друзьями: