КАЗГЮУ түлегі Астана қаласы «Алматы» ауданының әкімі болып тағайындалды

Университеттің әкімшілігі және профессорлық-оқытушылық құрамы КАЗГЮУ түлегі Әділбек Сәрсембаевты жаңа лауазымға тағайындалғанымен құттықтайды және осы салада кәсіби табыстар тілейді!

Әділбек Зейнуллаұлының жоғары заң білімі бар. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Заңтану» мамандығы бойынша тәмәмдады.

Еңбек жолын салық саласында бастап, Астана қаласы әкімдігінің жүйесінде, ҚР Президентінің Әкімшілігінде қызмет еткен. Петропавл қаласы әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарды, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратын басқарды. 2015 жылдан бастап Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жетекшілік етті. Саяси ғылымдар кандидатының дәрежесі бар.

Поделиться с друзьями: