КАЗГЮУ Университеті және ЕНУ командаларының арасында Бүкіл әлемдік өлім жазасына қарсы күніне арналған дебат турнирі өткізілді

2016 жылдың 21 қазанында КАЗГЮУ Университеті  және  ЕНУ командаларының арасында Бүкіл әлемдік өлім жазасына қарсы күніне арналған дебат турнирі өткізілді. Қазылар құрамында  Францияның Қазақстандағы елшісі Фрэнсис Этиен мырза, Орталық Азиядағы Penal Reform International директоры Азамат Шамбылов мырза және БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Лейла Дүйсекова ханым болды. Турнирдің басында Франция елшісі Фрэнсис Этиен мырза өлім жазасы туралы дәріс оқыды, ал кейін дебатқа қатысушылар ойынды бастап, өз тапсырмаларын жоғары деңдейде орындады. Турнир нәтижесінде КАЗГЮУ университетінің командасы жеңімпаз атанды, ал Үздік спикер болып Еуразиялық Ұлттық Университетінің студенті Жаркенова Тоғжан атанды.

Поделиться с друзьями: