КАЗГЮУ түлегі Қостанай қаласының прокуроры болып тағайындалды

КАЗГЮУ түлегі Мақсат Қазиев Қостанай қаласының прокуратурасын басқаратын болды. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жақып Асанов М. Қазиевті жаңа лауазымға тағайындау туралы бұйрыққа қол қойды. КАЗГЮУ Университеті Мақсат Бейсенбекұлын басшы лауазымға тағайындалуымен құттықтайды және кәсіптік табыстарды тілейді!   

Мақсат Қазиев Қазақ гуманитарлық-заң университетін 2002 жылы тәмәмдады.

2014 жылдан бастап ҚР қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды. Мақсат Қазиев кіші әділет кеңесшісі болып табылады.

Поделиться с друзьями: