Теңіз құқығы жөнінде халықаралық трибуналдың (ITLOS) судьясы КАЗГЮУ Университетінде дәріс оқиды

2016 жылдың 25 қараша күні сағат 13.00-де Үш би залында Теңіз құқығы жөнінде халықаралық трибуналдың  (ITLOS) судьясы Пэк Джин Хен (Jin-Hyun Paik) «Recent Trends in International Adjudication and Dispute Settlement in  Asia» арналған тақырыпқа дәріс оқиды.

Профессор Азияның халықаралық құқық қауымдастығының (ASIANSIL) президенті және Сеул ұлттық университетінің профессоры  (SNU) болғандықтан, ол халықаралық ұйымдардың құқығы, халықаралық гуманитарлық құқық, сондай-ақ халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу секілді салалардың маманы болып табылады. Кездесу барысында профессор халықаралық дауларды шешу саласындағы өзінің мол тәжірибесімен бөлісіп, жалпы халықаралық дауларды шешу тетігінің ерекшеліктері жайлы әңгімелейді. Сонымен бірге, КАЗГЮУ Университетіне келу мақсаттарының бірі Азияның халықаралық құқық қауымдастығымен, Сеул ұлттық университетімен, сондай-ақ Теңіз құқығы жөнінде халықаралық трибуналмен (ITLOS) академиялық әрі ғылыми ынтымақтастықты кеңейту болып табылады.

Дәріске КАЗГЮУ Университетінің студенттері, магистранттары мен докторанттары, профессорлық-оқытушылық құрамы шақырылады.

Поделиться с друзьями: