КАЗГЮУ Университетінде шетел Елшілерінің қатысуымен донорлық акция өтті

ҚР Тұңғыш Президентінің күні және Дүниежүзiлiк
ЖҚТБ-мен күрес күнi қарсаңында КАЗГЮУ-да «Өмір үшін тартуымыз» атты донорлық акция өтті, аталған игілікті іс-шараға дипломатиялық корпустың өкілдері, шетел қонақтары, халықаралық ұйымдардың қызметшілері, сондай-ақ университет студенттері мен қызметшілері атсалысты. Бұл шараны «Астана ДКҚБ» АҚ-ы және Ғылыми-өндірістік трансфузиология орталығы қолдады.

Акция адамдардың өмірлерін құтқару үшін ерікті әрі өтеусіз қан донорлығын дамытуға бағытталған. Ізгілікті шараға Македония Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Илия Псалтиров және Иран Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі  Моджтаба Дамирчилу да атсалысты.

Іс-шараның ресми ашылу салтанатында Македония елшісі Илия Псалтиров КАЗГЮУ басшылығына елдегі донорлықты дамытуға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдіріп, білім ордасының ректоры Т. Нәрікбаевқа білім беру саласындағы ынтымақтастық үшін сертификат табыстады.

Акцияға сексенге жуық КАЗГЮУ студенттері мен қызметшілері қатысты, олардың ішінен медициналық көрсеткіштер бойынша донор ретінде 48 адам қап тапсырды.

Поделиться с друзьями: