Лестер Университетінде (Ұлыбритания) академиялық ұтқырлық үшін Эразмус+ бағдарламасының гранты

Халықаралық байланыстар бөлімі студенттеріміздің Лестер Университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқу мүмкіндігі жайында қуана хабарлайды. Бағдарламаның шарттары бойынша, қабылдайтын жоғары оқу орнында оқу және тұру шығындарды  Эразмус+ гранты өтейді.

2017 жылдың көктемгі семестрінде (қаңтар – мамыр айларында) Лестер Университетінде оқуға өтініштерін тапсырғысы келетін  Экономика жоғары мектебінің және Құқық жоғары мектебінің 2 және 3-курс студенттері 2016 жылдың 8 желтоқсанына дейін Халықаралық бөлімнің халықаралық академиялық ұтқырлық жөніндегі менеджері Асқарова Бағланға (213-кеңсе) жолығуы тиіс.  

Поделиться с друзьями: