КАЗГЮУ-да ІІ халықаралық жастар заң форумы аяқталды

КАЗГЮУ-да «Интернетте сөз еркіндігін шектеу және ақпаратты тарату межелері» халықаралық жастар заң форумының қорытындысы шығарылды. Аталған шараға Әзірбайжан мен Болгариядан келген сарапшылар, ал пікірталасқа – Қазақстан, Украина және Қырғызстан командалары қатысты. Форумның негізгі тақырыбы Интернет желісінде сөз еркіндігін қамтамасыз ету мәселелері және осы құқықтың рұқсат етілген шектері болды.  

КАЗГЮУ Басқарма Төрағасының орынбасары М. Дәуленов белгілегендей, бүгінгі күні дүниежүзі бойынша Интернет арқылы террорлық актілерге әкеп соғатын деструктивтік ақпарат таратылуда, сол себепті осы саланы мұқият реттеу қажет.

«Алайда адамның ақпаратты таратуға негіз қалаушы құқығына нұқсан келтіруге болмайды. Біздің Форум сөз бостандығы аяқталатын межелерді әзірлеуге бағытталған. ОБСЕ және Сорос қорының қолдауымен біз осы саладағы тәжірибемен алмасу үшін Әзірбайжан мен Болгариядан сарапшыларды шақырдық», – деп айтты Мирас Дәуленов.

Жарыстардың бірінші (сырттай) кезеңі аясында студенттік командалар екі түйінді көзқарасты бейнелейтін өз меморандумдарын жіберген болатын: сөз еркіндігін және Интернетте ақпараттың таратылуын барынша шектеу және  шектеуге қарсы. Меморандумдарды адам құқықтары және медиа-кеңістікті реттеу саласындағы үш құзырлы сарапшылар бағалады. Сырттай кезеңнің қорытындысы бойынша жарыстардың екінші кезеңіне қатысу үшін 16 команда іріктелді. Бұл командалар 9 желтоқсан күні жүздесіп, нәтижесінде қорытынды раундқа тек екі команда ғана жолдама алды.  

Студенттік командалардың финалдық ойыны қорытындысы бойынша Тарас Шевченко атындағы КҰУ командасы жеңімпаз атанып, 200 000 теңге мөлшеріндегі жүлдені қанжығасына байлады. Екінші орынға КАЗГЮУ Университетінің командасы ие болып, бұл командаға 150 000 теңге мөлшеріндегі жүлде бұйырды. Одан басқа, сарапшылар алқасы ең қызықты және көкейтесті сұрақтарды қойған төрт тыңдаушыны марапаттады.

 

Поделиться с друзьями: