Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл!

Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Тәуелсіздік жылдарында еліміз ауқымды түбегейлі өзгерістердің жолын еңсерді. Қазақстан Республикасының Ата Заңын қабылдау, барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған құқықтық, экономикалық, әлеуметтік реформаларды біртіндеп жүзеге асыру Елбасының дана саясатының белгісі болып табылады. Бүгінде Қазақстан өз дамуының кезекті кезеңінде Орталық Азия өңірінің көпшілік мойындаған көшбасшысы болып табылады.

1991 жылғы 16 желтоқсанда республиканың Тәуелсіздігі және Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылданды. Дәл сол күні ел халқының еркіндік пен тәуелсіздік туралы аңсаған арманы жүзеге асты.

2016 жылы да бірнеше тарихи маңызды оқиғалармен айшықталды, олардың арасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған Декларацияның қабылдануы және «Тәуелсіз Қазақстан» монументінің салынуы ерекше орынға ие. Осы маңызды құжаттың жариялануы еліміздің ғасыр ширегіндегі жетістіктерін ғана емес, ал сонымен бірге тәуелсіз демократиялық мемлекеттің құрылысында Сіздің рөліңізді айрықша белгілейді.

Еліміздің бас мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шың жүректен құттықтауды қабыл алыңыз!

          Құрметпен, Т. Нәрікбаев

Поделиться с друзьями: