«Тәуелсіз Қазақстан» эссе байқауы

Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойлық жылы КАЗГЮУ Университеті мектеп түлектерінің арасында «Тәуелсіз Қазақстан» атты байқау өткізеді.

Интеллектуалдық эссе байқауы дарынды жастарды әлеуметтік қолдауға бағытталған. Оның негізгі идеясы – мектеп оқушыларына еліміздің әйгілі университетінде тегін әрі сапалы білім алу мүмкіндігін ұсыну.

Байқауға қатысушылар 5/03/2017 дейін тапсырылған тақырып бойынша қазақ не орыс тілдерінде эссе жазып, КАЗГЮУ Университетінің ресми сайтында сауалнаманы толтырып, сілтеме бойынша жазған эссені қоса тіркеуге немесе толтырылған сауалнама мен эссені Esse@kazguu.kz поштасына жіберуге тиіс. Конкурс жеңімпаздарына бес грант бөлінді.

Байқау шарттарымен мына сілтеме бойынша танысуға болады:

«Тәуелсіз Қазақстан» эссе байқауының ережесі.

Положение конкурса эссе «Тәуелсіз Қазақстан»

Анкета участника

Поделиться с друзьями: