КАЗГЮУ Университетінің студенттері Грузияда

Шота Руставели атындағы Батуми Университетінде академиялық оралымдылық бағдарламасы бойынша білім алып жатқан КАЗГЮУ Университетінің студенттері Adjaratv жергілікті телеарнаға сұхбат берді.

Оқу кезінде студенттеріміз КАЗГЮУ-ды және жалпы Қазақстанды лайықты деңгейде табыс етіп, өздерін тек жақсы жағынан көрсете білді. Сондай-ақ олар ҚР Тәуелсіздік күніне орай көп ұлтты Қазақстан, салт-дәстүрлеріміз бен мәдениетіміз туралы презентация жасаған болатын.  

Естеріңізге сала кетейік, Грузияда (Батуми, Тбилиси) және басқа да шет елдерінде академиялық оралымдылық бағдарламасы бойынша білім алғысы келетіндердің барлығы 213-кабинетке Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің менеджері Бағлан Асқароваға жолыға алады немесе b_askarova@kazguu.kz электрондық мекенжайына жазуға болады.

Келесі жолы үміткерлер ағымдағы жылдың ақпан және наурыз айларында іріктеледі.  

 

Поделиться с друзьями: