КАЗГЮУ Университеті жатақханада орын ұсыну туралы өтініштерді қабылдаудың 6-кезеңі 2017 жылдың 16 қантарынан бастап 18 қантарға дейін

Құрметті студенттер!

КАЗГЮУ Университеті жатақханада орын ұсыну туралы өтініштерді қабылдаудың 6-кезеңі 2017 жылдың 16 қантарынан бастап 18 қантарға дейін «Платон» ААЖ бағдарламасында – «Жатақхана» модулінде іске асырылатындығын хабарлайды. Өтініштер «Платон» ААЖ бағдарламасында көрсетілген құжаттар болған кезде ғана қаралады. Тиісті жеңілдіктері бар студенттер орын алудың басымды құқығына ие. Растайтын құжаттарды міндетті түрде қоса жүктеу керек.

2017 жылдың 19 – 20 қантарында Тұрғын үй комиссиясының жатақханада орын бөлу бойынша отырысы өткізіледі. Сондай-ақ Тұрғын үй комиссиясының шешімі «Платон» ААЖ арқылы жарияланады.

2017 жылдың 21 қантар күні Университет жатақханасында тұруға рұқсат алған  студенттер жатақханаға орналастырылады. Жатақханаға орналасу кезінде мынадай сомаларды төлеу туралы түбіртектер болу қажет:

  1. Ай сайынғы тұру ақысы – 15 000 теңге (алдын ала 3 айдың ақысын төлеу керек – 45 000 теңге)
  2. Кепіл сомасы – 20 000 теңге.

Поделиться с друзьями: