Биыл Қазақстан және Франция дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығын атап өтуде

Биыл Қазақстан және Франция дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығын атап өтуде. Ресми түрде екі ел арасындағы қарым-қатынастар 1992 жылдың 25 қаңтарында орнатылды. Арада жылдар өтіп, дәл осы күні Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ф.Этьенн мырза КАЗГЮУ Университетінде дәріс оқыды. Дәріс барысында 25 жыл бойы екі мемлекет арасындағы стратегиялық серіктестіктің нәтижелері шығарылды, Франция және Қазақстан ынтымақтастығының болашақ басым мақсаттары жайында сөз қозғалды.

Поделиться с друзьями: