КАЗГЮУ Университетіне Лестер Университетінің (Ұлыбритания) делегациясы келді

Делегацияның құрамында – Лестер Университетінің ректоры проф. Пол Бойл, Құқық мектебінің директоры проф. Франсуа дю Буа және Стратегиялық әріптестік бөлімінің басшысы д-р Майкл Грин.

Ректор Т. Нарикбаев бастаған КАЗГЮУ басшылығы қонақтармен бірлескен бағдарламаларды және академиялық оралымдылықты дамыту бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Айта кетерлік, Times Higher Education World University Rankings 2015-16 әлемдік рейтингінің нәтижесі бойынша Лестер Университеті әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарының алғашқы легіне ілікті.

Қазіргі уақытта КАЗГЮУ-дың екі студенті Алина Омарова (ҚЖМ) және Нурбике Каратай (ЭЖМ) Лестер университетінде академиялық оралымдылық бағдарламасы бойынша оқып жатыр.

Поделиться с друзьями: