«КАЗГЮУ Университеті» АҚ әскери кафедрасы әскери кафедрада запастағы әскерлерді даярлау бойынша оқуға тілек білдерген 1-курс студенттерін қабылдауды жариялайды

«КАЗГЮУ Университеті» АҚ әскери кафедрасы әскери кафедрада запастағы әскерлерді даярлау бойынша оқуға тілек білдерген 1-курс студенттерін қабылдауды жариялайды.

Оқуға тілек білдіргендер 2017 жылғы 13 ақпаннан бастап университеттің ХҚКО (№ 245 кабинет) өтініш ұсынулары және келесі құжаттарды тапсырулары қажет:

1) жеке куәлік (түпнұсқасы мен көшірмесі);

2) тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқасы мен көшірмесі);

3) 3х4 өлшемді 2 фотосурет;

4) ) сотталмағаны және әкімшілік құқықбұзушылықтарының жоқ екендігі туралы анықтама;

5) құжат тігілетін папка.

Кандидаттар бұдан басқа іріктеу кезінде қосымша бонустық балл алу үшін мынадай құжаттар ұсынуға тиіс:

1) ата-анасының біреуінің немесе екеуінің де балаға қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжаттардың (бар болған жағдайда) немесе қамқорлықтың (қамқоршылықтың) белгіленуін растайтын құжаттардың  түпнұсқасы мен көшірмесі;

2) ата-анасының әскери қызметші ретіндегі мәртебесін растайтын құжаттар  (бар болған жағдайда);

3) спорттық разрядын, ағымдағы жылғы орындаушылардың республикалық немесе халықаралық конкурсындағы, соңғы үш жыл ішіндегі жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиададағы, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша Президенттік немесе республикалық олимпиададағы  жүлделі орнын растайтын құжат (бар болған жағдайда);

Қосымша ақпаратты әскери кафедраның ақпараттық орталығынан (ішкі тел.12-76, № 19 кабинет) алуға болады.

Поделиться с друзьями: