КАЗГЮУ “Астана – таза қала” акциясын қолдайды

Бұл жолы елордалық әкімдіктің бастамасын қолдау үшін КАЗГЮУ Университетінің ұжымы мен студенттері Қорғалжын тас жолы бойындағы аумақты жинап әрі абаттандырып қоймай, КАЗГЮУ ғимаратының айналасындағы жер учаскесін көгалдандыруға кірісті. Бүкіл ұжымның жас көшеттерді отырғызуы университеттің игі дәстүріне айналды. Айта кетерлігі, келесі жолы көшеттер мамыр айында отырғызылады. Финляндияның ҚР-дағы елшілігімен бірлескен акция екі елдің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25-жылдығына арналған.

Осыған дейін хабарланғандай, КАЗГЮУ ұжымы мен білім алушылары біріншілердің қатарында болып қалалық әкімдіктің “Астана – таза қала” акциясын қолдады. Осылай, студенттік қауымдастықтың бастамасымен Фемида алаңында қала тұрғындарын өзекті экологиялық мәселелерді шешуге шақырған тақырыптық флешмоб ұйымдастырылды. Оған қоса, апта сайын университет ұжымы “Таза жұма” акциясын өткізуде.

Поделиться с друзьями: