КАЗГЮУ өкілдері халықаралық тәжірибені зерттеуде

КАЗГЮУ Университетінің командасы Эразмус+ жобасының төңірегінде докторлық бағдарламалардың сапасын қамтамасыз ету бойынша Киев қаласында (Украина) өткен тренингтерге қатысты.

Іс-шараның мақсаты тәжірибемен алмасу және қолданыстағы сапа қамтамасыз ету жүйелерін талдау болды. Тренинг барысында Армения, Моңғолия, Украина, Польша, Франция және Испания секілді елдердің әр түрлі тәжірибелері жайында айтылды.

Эразмус+ жобасының жұмыс тобы жуырда жинаған тәжірибе аясында докторлық бағдарламаларды дамыту үшін әріптестерімен кездесулерді жоспарлайды.

Поделиться с друзьями: