«Job Fair» дәстүрге айналмақ

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен КАЗГЮУ Университеті Hilton Astana қонақ үйімен бірлесіп, барлық елордалық білім ордаларының түлектері мен магистранттарына арнап «Job Fair 2018» атты бос орындар жәрмеңкесін  өткізді.
Астананың әкімі Әсет Исекешев КАЗГЮУ мен Hilton Astana-ның бірлескен бастамасы аясында  әріптестердің елорда жастарын жұмысқа орналастыруға бағытталған  әлеуметтік жауапкершілігі саясатын қолдады.
Қала басшысы «Job Fair 2018» жоғарғы ұйымдастыру деңгейін белгілеп, жұмыс берушілер мен түлектердің кездесуі үшін дәл осындай алаңшаларды жыл сайын құру қажеттілігін ерекше атап өтті.
КАЗГЮУ Университетінің ректоры Талғат Нәрікбаев және  Hilton Hotel Astana қонақ үйінің бас менеджері Stephan Reiter алғы сөзін сөйлеген кезде, қатысушы компаниялардың өкілдеріне «Job Fair 2018» өткізу бастамасына қолдау көрсеткендері  және белсенді атсалысқандары үшін алғысын білдіріп, әріптестерді орнатылған ынтымақтастықты нығайтуға шақырды. Ресми ашылу салтанатынан кейін  «Best Employer-2018» жұмыс берушілерді марапаттау рәсімі өтті. Негізі жәрмеңкенің бағдарламасы іс-шараларға толы болды: Method Coding School негізін қалаушы Дагар Давлатовтың «Employment Lifehacks»/«Жұмысқа орналасудың қыр-сырлары» атты шебер-сыныптары,  «Self-Made Career», Internship Contest, әріптес компанияда тәжірибеден өтуге сертификат ойнатылды.
 Жалпы алғанда, іс-шараға алты жүзден астам студент,  Астананың жоғары оқу орындарының түлектері мен магистранттары және жүзге тарта жетекші ұлттық және шетелдік жұмыс беруші-компаниялар, әр түрлі экономика секторларының өкілдері қатысты.
Ашық алаңда ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Әділет министрлігі, ҚР Жоғарғы Соты, ҚР Бас Прокуратурасы, ҚР ІІМ секілді мемлекеттік органдардың және  «Қазақтелеком» АҚ, «Қазмұнайгаз» АҚ, «Air Astana» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ «Астана» халықаралық қаржы орталығы» АҚ, «Бәйтерек Development» АҚ, «GRATA» заң компаниясының, McKinsey & Company, Deloitte, KPMG және басқа да компаниялардың  өкілдері түлектермен сұхбаттасу өткізді.
Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда Job Fair 2018 нысаны  еңбек нарығына қатысушылардың арасында өзара әрекеттесудің ең тиімді құралы болып саналады. Жуырда әлеуметтік жауапкершілік бағыты бойынша бірқатар ірі іс-шаралардың өткізілуі жоспарланады, енді бұл шаралар жыл сайын өткізілмекші.

 

Поделиться с друзьями: