Ағылшын тілі департаментінің айтуынша, мұндай шығармашылық шаралар студенттерді ағылшын тілін үйренуге шабыттандырады. Оқушылар актёрлік шеберлігін шыңдап, ақындық қабілетін айқындап, мәдениетаралық байланысын нығайтады.
Оған мысал өткен жылы сахнаға шыққан Ромео мен Джульетта қойылымы. Ал биылғы жылдың 26-сәуірінде бірінші және екінші курс студенттері „Гарри Поттер және философия тасы„ қойылымын көрсетті. Бұл шара көрермендер мен қатысушылар арасында үлкен эмоция тудырды.
Соңынан „Ағылшын тілінде сөйлейтін елдерге сапар„ атты скетч қойылды. Шараға ағылшын тілінің деңгейі А0-А2 арасындағы әртүрлі студенттер қатысты. Студенттер сахнаға шығып өнер көрсетуге мүмкіндік
беріп, керемет кеш сыйлаған ағылшын тілі департаментіне соның ішінде Дәулетбаева Д.Д,. мен Әбдірахманова Д.К., Оразғалиева Ж.Ж. ұстаздарына ерекше алғыс білдіреді.
Шарадан түскен сексен мың (80.000) теңге көлеміндегі қаражат «КАЗГЮУ Эндаументі» Корпоративтік Қорының шеңберінде қайырымдылыққа жұмсалатын болады.
Ағылшын тілі департаменті артістерге арнайы киім ұсынған Dilizhans-show және Geek Market сынды демеушілерге өз алғысын білдіреді.