Шетелдік профессорлар Астанада жазғы мектептің жұмысын бастады

M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің жанындағы конституциялық
құқық бойынша он күндік жазғы мектепте Германия мен Чехия, Аустрия мен
Польша, Қырғызстан мен Қазақстан студенттері
білім алуын бастады, деп хабарлайды «Қазақпарат» агенттігінің тілшісі.
«Әлем жаһандану дәуірін бастан кешіріп жатыр. Ендігі уақытта біз бір елдің, бір ұлттың аясында өмір сүре алмаймыз. Жаһандану әлемінде өмір сүреміз. Ортақ сын-тегеуіріндермен, проблемалармен, міндеттермен бетпе-бет келеміз. Меніңше, түрлі елдердегі конституциялық заңды дамытуға қатысты қолданатын әдістер ортақ. Өйткені, бірдей проблемаларға жолығып жатамыз. Ал бұл проблемалар диалог арқылы және ортақ іс-қимыл қабылдау жолымен шешілуі тиіс», – деді мектептің ашылу салтанатында KAZGUU Unıversıteti-нің ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Мирас Дәуленов.

Шетелдік профессорлар Астанада жазғы мектептің жұмысын бастады
M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti Құқық жоғары мектебінің директоры С. Пеннің айтуынша, бұл мектепте шетелден келген 20 студент және 12 қазақстандық студент білім алады. «Бір апта бойы олар Германия, Аустрия, Чехия, Польша және Венгрия профессорлары оқитын дәрістер мен шебер-сыныптарға қатысып, дайындалады. Содан кейін жұмыс топтарына бөлініп, әрбір топ конституциялық үлгі түрінде берілген тапсырманы орындайды. Яғни, ең үздік еуропалық тәжірибеден олар мемлекеттің конституциялық құрылымының жеке үлгісін құрып, билік тармақтарын анықтап, олардың арасында теңгерім орнатуға тырысып көреді. Ең үздік тәжірибені жинақтау қажет. Ал кейін оның презентациясын өткізеді», – деп хабарлады Сергей Пен.

Шетелдік профессорлар Астанада жазғы мектептің жұмысын бастады. Жазғы мектепте дүниежүзілік тарих және қатысушы-елдердің конституциялық құқығын дамыту тарихы бойынша дәрістер өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл студенттерге қазіргі қоғамға ықпал еткен тарихи оқиғалар мен сан алуан дәстүрлерді тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Конституция күніне орай студенттер Конституциялық кеңес пен Парламентке экскурсияға барады. Сонымен бірге, Бұрабай мен Қорғалжын қорығын тамашалайды.

Поделиться с друзьями: