Тілді насиxаттаудың тиімді тәсілі «Қазақша диктантқа» қатыс!

2018 жылғы 20 қыркүйекте сағат 11.00-де Қазақ және орыс тілдері департаменті мен Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Астана – бейбітшілік бесігі» атты жалпықазақстандық ашық диктант байқауы өткізіледі.

Осы жылы тәуелсіз Қазақстанның теңдессіз жауһары Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы аталып өтуде. Осыған орай ұлттық сананы дамыту мен мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту басты мақсатымыз болып отыр.

Диктантқа Астана қаласының тұрғындары мен М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы, қызметкерлер және студенттер қатыса алады.

Ашық қазақша диктант байқауының қорытындысы жазғаннан кейін 3 күн аралығында жарияланып, жүлдегерлер түрлі сыйлықтармен марапатталады.

Уақыты: 20.09.2018 сағат: 11.00-12.00

Өтетін орны: М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті, 402, 403 аудиториялар.

Анықтама алу үшін байланыс телефондары: Астана қаласы М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті, Қорғалжын тасжолы, 8-үй, тел.: 8717 (2703030)

Жауапты тұлға: Қайыпбаева Мира Мұхаммедқызы

Байланыс ақпарат: тел.: 8775 375 83 46

E-mail: m_kaiypbaeyeva@kazguu.kz.

Поделиться с друзьями: