Венгрияның сыртқы істер министрі отандық білім ордасының «Құрметті докторы» атанды

10 қазанда салтанатты жағдайда Венгрияның Сыртқы істер министрі Сийярто Петерге «КАЗГЮУ-дің Құрметті докторы» атағын беру рәсімі өтті. Ең алдымен Петер Сийярто М.С. Нәрікбаев атындағы университеттің заманауи кітапханасымен танысты. Одан кейін профессорлық-оқытушылық және студенттер құрамына дәріс оқып, құрметті доктордың атағы үшін ризашылығын білдірді. Министр венгер-қазақстандық байланыстарды сөз етіп, екі елдің арасындағы қарым-қатынастардың қазіргі деңгейі ойдағыдай екенін айтты.
Петер Сийярто: «Дәрістерді ұйымдастырғаны үшін КАЗГЮУ Университетіне және бүгін келген әрбір адамға алғысымды білдіремін. Сіздердің алдарыңызда дәріс оқып, осында қайта шақырылуым мен үшін үлкен құрмет. Қазіргі таңда Венгрия мен Қазақстанда болсын, әлемнің басқа бөлігінде болсын өзгерістер өте көп. Сол себепті мен әлемдегі ахуал туралы өз ойыммен бөлісіп, сіздермен пікір алмасқым келеді». Университеттің конференц-залында жалғасқан іс-шарада КАЗГЮУ Ректоры Талғат Нәрікбаев бүкіл ұжым атынан Петер Сийярто мырзаға алғыс білдірді. «Мен КАЗГЮУ Университеті мен Венгрияның әріптес жоғары оқу орындарының арасында қалыптасқан ерекше қарым-қатынастарды белгілегім келеді. Мен 2014 жылы Будапешт қаласына барған кезде, біз Корвинус Университетінің өкілдерімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойдық. Нәтижесінде екі жақты алмасу аясындағы әріптестік қатынастарымыз осы күнге дейін жалғасуда. 2015 жылы оқыған әрі ешкімді бейжай қалдырмаған дәрісіңіз әлі есімізде. Сондай-ақ біздің университет 2018 жылы салыстырмалы конституциялық құқыққа тақырыбына арналған халықаралық жазғы мектебін өткізген кезде, Венгрияның студенттері мен профессорлары белсене атсалысқан. Құрметіміздің белгісі ретінде және қарым-қатынастардың дамуына үлес қосқаны үшін Сізге
«КАЗГЮУ Университетінің Құрметті докторы» атағын беруге рұқсат беріңіз», – деп Талғат Мақсұтұлы Нәрікбаев құрмет нышандарын табыстады. «КАЗГЮУ Құрметті докторы» атағы туралы ережеге сәйкес бұл атаққа көптеген шетелдік мемлекеттік және саяси қайраткерлер, дипломаттар ие болды.

Поделиться с друзьями: