Эразмус+ бағдарламасы бойынша CLIL семинары өтті

22 – 25 қазан аралығында Павлодар қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінде Еуропалық Одақтың Эразмус+ бағдарламасы аясында КАZGUU Universitetі-нің Ағылшын тілі департаментінің оқытушылары Лейден университетінің (Нидерланды) оқытушыларымен бірге CLIL (Пәндер біріктірілген тілдік оқу) тақырыбына арналған семинарларды өткізді. Семинарға қатысуға Қазақстанның орта мектептері мен университеттерінің алпысқа жуық оқытушысы ниет білдірген.

22 және 23 қазан күндері өткен семинар CLIL сарапшыларына және бұл әдістемені пайдаланып шебер-сыныптар мен сабақтарды өткізуде тәжірибесі бар оқытушыларға арналған еді. Семинар барысында қатысушылар CLIL әдістемесін оқу процесіне енгізу тәжірибесімен бөлісіп, аталған тәсілдің теориялық бөлігіне талдау жүргізіп, орта мектептерінің пән мұғалімдері үшін жеке семинарды өткізу жоспарын әзірледі.

24 және 25 қазан күндері Астана, Алматы, Павлодар, Ақсу, Орал қалаларының және Жамбыл облысы Қордай ауылының ұстаздары CLIL әдістемесін химия, физика, математика, информатика, ағылшын тілі және т.б. сабақтарында қолдану жөніндегі екі күндік практикалық семинарға қатысты.

Семинар барысында оқытушылар ҚР Білім және ғылым министрлігінің талаптарына сәйкес STEM топтамасынан сабақтарды ағылшын тілінде өткізу тәжірибесімен алмасты. Семинардың практикалық сипаты болғандықтан, оқытушылар осы әдістеме туралы білімдерін пайдаланып, өздері оқытатын немесе ағылшын тілінде өткізе бастайтын пән бойынша шағын сабақтар өткізді.

Нидерландыдан келген Эразмус+ жобасының жаттықтырушылары мен қатысушылары:

Хенк Френкен, ICLON Жоғары сабақ беру мектебінің білім саласындағы аға кеңесшісі, Лейден Университеті;

Ханс ван Беммел, ICLON Жоғары сабақ беру мектебінің тәлімгер-ұстазы, Лейден университеті, физика оқытушысы;

Эррол Эртурулолу, ICLON Жоғары сабақ беру мектебінің тәлімгер-ұстазы, Лейден Университеті, тарих және саяси ғылымдар оқытушысы, CLIL сарапшысы.

Қазақстанның Эразмус+ жобасының жаттықтырушылары мен қатысушылары:
Асия Алибекова – М.S. Narikbaev atyndagy КАZGUU Universitetі, Астана;
Анар Ибраева – М.S. Narikbaev atyndagy КАZGUU Universitetі, Астана;
Бакытгуль Ерманова – Павлодар қ. Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Поделиться с друзьями: