Атырау қаласының мектеп түлектері арасында ағылшын тілінен олимпиада

Ағылшын тілі департаменті және Admission office Атырау қаласы мектептерінің өзінің ағылшын тілін меңгеру деңгейін тексергісі келетін және М.S. Narikbaev atyndagy КАZGUU Universitetі-нде білім алғысы келетін түлектері үшін олимпиаданы өткізді.
2015 жылдан бастап М.S. Narikbaev atyndagy КАZGUU Universitetі-не оқуға түсу кезінде талапкерлер ағылшын тілінен емтиханды (KAZGUU English Placement TEST – KEPT) тапсырып, Pre-Intermediate төмен емес білім деңгейлерін көрсетуге тиіс.

Алпыс ұпайдан жоғары жинаған қатысушылар КЕРТ-тен босатылады және КЕРТ емтиханын тапсырмай, құжаттарын оқуға тапсыра береді.
Олимпиада тыңдалым, оқылым және жазылым кезеңдерінен құралған. Жеңімпаздарды құттықтап, барлықтарыңызды сүйікті білім ордамызда күтудеміз!
Олимпиада нәтижесі.

Поделиться с друзьями: